02.07.2020, 19:54 8977

Дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы заттар мен антибиотик тапшылығы жақын арада шешіледі - ҚР ДСМ

Алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында әкімдіктер дәрі-дәрмектерді бір қолдан тарату ережесін енгізді

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрлігі отандық дәріханаларға жоғары сұраныстағы дәрілік препараттарды жедел жеткізу үшін өндіруші және дистрибьютор компаниялармен жұмыс істеуде.

Алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында әкімдіктер дәрі-дәрмектерді бір қолдан тарату ережесін енгізді, - деп мәлімдеді бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өтен "COVID - 19 диагностикалау көлемін ұлғайту. Халық арасында сұраныстың өсуіне байланысты дәрі-дәрмек пен жеке қорғану құралдарын жеткізу" тақырыбына арналған брифингте.

"Сондықтан жақын арада дене қызуын түсіретін, вирусқа қарсы дәрілер мен антибиотик тапшылығы шешіледі. Отандастарымызды босқа даурықпауға, қажет емес артық дәрі-дәрмек сатып алмауға және дәрігердің кеңесінсіз өздеріңізге өздеріңіз ем тағайындамауға шақырамын", - деді вице-министр.

Брифинг барысында сұраныстың өсуіне байланысты, осы аптаның соңына дейін бөлшек сауда желісіне ингавириннің 70 мың орамасы келетіні айтылды. Сондай-ақ, "Азитромицин" антибиотигінің 100 мыңнан астам орамасы нарыққа түсті.

"Парацетамол ҚР нарығына (алдымен дистрибьюторларға, содан кейін бөлшек саудаға) түсе бастады және апта соңында нарыққа осы препараттың түрлі өндірушілерден 700 мың қаптамасы түсті. Алдағы екі апта ішінде қосымша 800 мың парацетамол орамасы жеткізіледі деп күтілуде", - деді Людмила Бюрабекова.

Ал ДЗ шекті бағадан қымбат сатқандарға айыппұл салынады, заңды қайта бұзған жағдайда лицензиясын тоқтату көзделген. Сондай-ақ емдеу құралдарын рецептісіз бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігіне бөлшек сауда желісінде дәрілік заттардың шекті бағасын белгілеу құзыреті берілген. Бүгінгде 6 мыңнан астам ДЗ атауларының бағалары бекітілді, олармен Министрліктің және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің интернет-ресурстарынан, Dari KZ мобильдік қосымшасынан танысуға болады.

Анықтама: ҚР-да барлығы 41 065 симптомсыз және COVID-19 симптомды жағдай тіркелген. Тәулік ішінде 1 604 оқиға тіркелді.

13 558 науқас сауығып, бір тәулік ішінде 550 науқас үйіне шықты. Ал 188 науқас коронавирус инфекциясынан көз жұмды.

Бүгінгі таңда 27 319 науқас емделуде, оның ішінде 249-ы бала. Стационарда - 11 242, амбулаторлық БАҚЫЛАУДА-16 077 ем алады.

Өткен тәулікте елімізде 489 жаңа оқиға тіркелді, өсім 2,2% құрады.

Ең көп жаңа жағдай тіркелген:

- Алматы қаласында- 86 (2,3%);

- Нұр-Сұлтан қаласында -56 (1,5%);

Ең жоғары өсім байқалады:

- ШҚО-52 (6,6%);

- Павлодар облысында - 43 (5,8%).

Өткен тәулікте тіркелген симптомсыз жағдайлар -1 115, өсім - 6,0%

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны