04.07.2020, 14:06 3718

Ақмола облысының Зеренді ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасымен тұрғын үй құрылысы басталды

Нысанның жалпы құны 228 миллион теңгені құрайды. Бүгінге дейін 196 миллион теңге игерілген. Сонымен қатар Зерендіде медицина қызметкерлеріне арналған 40 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысының Зеренді ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасымен тұрғын үй құрылысы басталды.

Зеренді ауданында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде үш қабатты жаңа тұрғын үйдің құрылысы басталды, - деп хабарлайды "Aqmola News".

Аталған пәтерлерді тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға, жетім балаларға берілмпек. Қазір ауыл тұрғындары жаңа үйдің пайдалануға берілуін асыға күтуде. Дегенмен, құрылысты жүргізуге жұмыс күшінің аз болуы қолбайлау болып жатыр.

Көріп отырғандарыңыздай 36 пәтерлік 3 қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Кіріс жағдайы төмен отбасыларға осы үйден баспана ұсынылатын болады. Нысанның қаржыландырылуына келсек бәрі уақытында түсіп жатыр. Сондықтан құрылыс жоспарға сәйкес жылдың соңына дейін тапсыруды көздеп отырмыз. Қазір жұмыс күші жетіспей жатыр. Сондықтан, жұмыс іздеген құрылысшыларды шақырамыз, - дейді құрылыс учаскесінің басшысы Арман Есләмбеков.

Нысанның жалпы құны 228 миллион теңгені құрайды. Бүгінге дейін 196 миллион теңге игерілген. Сонымен қатар Зерендіде медицина қызметкерлеріне арналған 40 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны