09.07.2020, 19:05 28760

Аймақ басшысы маңғыстаулықтарды карантин режимін қатаң сақтауға шақырды

Ақтау. 9 шілде. Kazakhstan Today - "Қазақстанда 5-ші маусымнан бастап карантин режимі енгізіліп, бірқатар шектеу шаралары жасалды. Бұл қазіргі уақыттың талабы және өзге тиімді жол жоқ. Сондықтан, облыс тұрғындарын карантин режимі талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Бүгінгі күні эпидемиалогиялық жағдай өте қиын. Осыған орай, жағдай бірқалыпқа түсіп, тұрақталмайынша шыдамдылық танытуымыз қажет. Сонымен бірге, тойлар мен өзге де отбасылық жиындар, садақалар өткізуге, қоғамдық-мәдени шаралар ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады. Баршаңызға денсаулық, амандық тілеймін. Біз бұл қиындықты да еңсереміз деп сенемін",- деді Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов онлайн брифингте.

Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны