13.07.2020, 16:41 6205

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен өткен брифингте өңірдегі дәрі тапшылығын шешу мәселесі қозғалды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен өткен брифинг алаңында облыстағы дәрі тапшылығын шешу мәселесі қозғалды

Алматы. 13 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен өткен брифинг алаңында облыстағы дәрі тапшылығын шешу мәселесі қозғалды. Облыс әкімі дәрілерді көтерме бағамен "Аманат" жауапкершілі шектеулі серіктестігі аптасына екі рет жеткізетінін айтты. Бұдан бөлек, брифинг барысында жеткізілетін дәрілердің 13% -ы отандық өнім болса, 87%-ы шет елден әкелінетіні белгілі болды.

Пневмония мен коронавирусты емдеуге әсіресе, Цефтриаксон, Цефтазидим, Цефуроксим, Меропен, Ванкомицин, Левофлоксацин сонымен қатар физиологиялық ерітіндісі мен өзге де препараттар аса қажет. Өкінішке орай, өңірде бұл дәрілердің тапшылығы сезілуде.

Қазақстанның барлық қалаларын дәрі -дәрмекпен қамтамасыз ететін "СК-Фармация" серіктестігі біріңғай дистрибьютор ретінде жұмыс істеуде.

Дәрі-дәрмекпен қамту мәселесінде тұрғындар тарапынан көптеген арыз-шағымдар түсуде. Біз барлық арыздарды қарап отырмыз. Жағдай бақылауда. Қосымша бактерияға қарсы, вирусқа қарсы препараттардың барлығына тапсырыс берілді. Енді соларды мерзіменен бұрын жеткізу жолдарын қарастырып жатырмыз,-деді облыс әкімі брифингте.

Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен 71 миллион теңгеге "Алувиа" өнімдері сатып алынды. Бұл дәрілер қазіргі уақытта Көкшетау қаласындағы "СТОФАРМ" серіктестігінің қоймасына жеткізілді.

Сонымен қатар дәріханалар желісін дәрімен қамтамасыз етуде де қиындықтар бар. Қазіргі уақытта парацетамол, аспирин, вирусқа қарсы препараттар (оксолин, ремантадин, ингавирин, арпефлю, тамифлю), антибиотикттер (азитромицин, цефтриаксон), электоранды термометрлер жетіспейді.

Дәріханаларға қызуды түсіретін дәрілер мен антибиотиктер жеткізіліп отырады. Бірақ тұрғындар бір айға жететін дәрілерді бір-екі сағатқа жеткізбей артығымен сатып алуда. Сондықтан да қолдан жасалған дүрбелең туындап жатыр,-деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша, бұл жағдай да облыстағы дәрі тапшылығын туындатуға себеп болып отыр.

Облыс тұрғындарына тағы бір айтарым, дәрілерді дәрігерлердің нұсқауымен тізімдегілерді ғана сатып алыңыздар. Сіздер осылайша, дәріге мұқтаж өзге бір адамның өмірін құтқарып қалуларыңыз мүмкін дегім келеді,-деп атап өтті өңір басшысы.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен дәрі тапшылығы мен дәрі бағасын көтеріп сатушыларға қатаң қадағалау орнатылды. Мобильді топтар күнделікті рейдтер ұйымдастырып, заңсыз дәрі-дәрмек сатушыларға тиісті шара қолданылуда,-деп хабарлайды "Aqmola News.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны