27.07.2020, 23:18 8136

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аса қажет емес шығындардан бас тартып, 1 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдейді

Алдымен аса қажет емес шығындардан бас тарту жоспарлануда, соның ішінде пиар шығындарын қоса алғанда, 1 млрд теңгеден астам теңге үнемделеді.

Алматы. 27 шілде. Kazakhstan Today - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аса қажет емес шығындардан бас тартып, 1 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдейді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ауқымды өзгерістер басталады. Олар ішкі үдерістерді өзгертуге, штаттың құрылымын қайта қарауға, шығындардың бір бөлігін оңтайландыруға, әкімшілік шығыстарды азайтуға қатысты. Алдымен аса қажет емес шығындардан бас тарту жоспарлануда, соның ішінде пиар шығындарын қоса алғанда, 1 млрд теңгеден астам теңге үнемделеді.

Қайталанатын функцияларды алып тастау есебінен Қордың штат саны қысқарады. Қазір бұл шара орталық аппарат деңгейінде қарастырылуда, кейінірек бұл жұмыс филиалдарда да жүргізілетін болады. Бұдан басқа, филиалдардың қызметі, өкілеттіктері мен жауапкершілігі айтарлықтай өзгереді. Бұл проблемаларды барынша егжей-тегжейлі және аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып шешуге мүмкіндік береді. Тариф құру, бюджетті сатып алу және жоспарлау, медициналық көмек сапасын бақылау және "ақша пациенттің соңынан еріп жүреді" деген басты қағидатты сақтау туралы болып отыр.

"Денсаулық сақтау жүйесінде бірнеше жыл жұмыс істедім, бас дәрігерлермен тікелей байланыста болдым, сондықтан мен стационар мен емханалардағы барлық қиындықты іштен жақсы білемін және Денсаулық сақтау министрлігімен, аймақтық органдармен бірлесе отырып, оларды тез арада шешу жолдарын табуға ниеттімін", - деді ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

"Мен қашан да сараптамалық алаңдарда өтетін диалогқа ашықпын және БАҚ-пен ынтымақтастық орнату арқылы халықты толғандыратын мәселелерге жауап беруге дайынмын", - деді Қор басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ел басшылығы барлық үдерістердің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуді, халықпен кері байланыс орнатуды, медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігі мәселелерін шешу міндетін қойған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны