05.08.2020, 23:04 17316

Алматылық инфекционист коронавирус белгілері, оның алдын алу және емдеу туралы негізгі сұрақтарға жауап берді

Алматылық инфекционист коронавирус белгілері, оның алдын алу және емдеу туралы негізгі сұрақтарға жауап берді

Алматы. 5 тамыз. Kazakhstan Today - Алматылық инфекционист коронавирус белгілері, оның алдын алу және емдеу туралы негізгі сұрақтарға жауап берді

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге қатысты шаралар кешені қабылданды. Коронавирус инфекциясымен күрес туралы сұрақтарға Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн сұхбат барысында Алматының дәрігер-инфекционисті Тамара Утағанова айтты.

Аурудың белгілеріне қатысты сұрақ. Бұның коронавирус инфекциясы емес, жай ғана суық тию белгілері болуы мүмкін екендігінің ықтималдылығы қанша? Айтарлықтар ерекшеліктері бар ма? Айырмашылығын қалай түсінуге болады?

Басқа жедел респираторлық инфекцияларды ешкім жоққа шығара алмайды, белгілері шынымен ұқсайды. Алайда біздің жедел респираторлық вирустық инфекциялар кезінде мұрын бітіп, жөтел пайда болады, тамақ жыбырлап, температура көтеріледі және адам өзін үш күннен кейін жақсы сезіне бастайды, интоксикация соншалықты қинамайды. Коронавирус инфекциясы кезінде температура тұмаудағы сияқты бірінші күндерден бастап 38 градусқа дейін көтерілмейді. Қандай жағдай болмасын, дәрігерге қаралу керек. Алда күз мезгілі, жедел респираторлық инфекция маусымы. Біз осы бастан тұмауға тексере бастаймыз. Жәні жедел респираторлық ауру белгілері бар әрбір адам коронавирус инфекциясын жұқтырған потенциалды науқас ретінде қарастырылады.

КВИ балаларда белгілерсіз өтетіні қаншалықты рас?

Балалардың КВИ әлдеқайда жеңіл өткізетіні рас, алайда ол сабыр сақтап, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ұстанбау керек деген сөз емес. Балаларға да карантинді қатаң ұстану керек.

Ауруханаға жатқызуда коронавирыс инфекциясы ауыр өтіп жатқан азаматтарға басымдық беріледі. Ауру белгілері жоқ адамдардың көбі үйлерінде медициналық қызметкерлердің бақылауында жатыр, соған қарамастан, коронавирус инфекциясымен ауырған адамда ауру ағынының тоқтағанын қалай түсінуге болатынын айтып бересіз бе? Дәм, иіс сезу рецепторларының қайтып келуі сияқты негізгі белгілері бар ма?

Интоксикация (улану) белгілерінің жоғалуы және азаюы. Температураның тұрақталуы. Әлсіздіктің, тершеңдіктің, денеде бастың сынып ауруының азаюы. Адам өзін қанағаттанарлық жағдайда сезінуі керек. Осындай бақылаулардан кейін клиникалық жақсарғаннан кейін, дәрігер ПТР әдісімен тексеру жүргізу қажеттігін тағайындайды. Коронавирус кеткен кезде адам өзін қанағаттанарлық жағдайда сезінеді және аздап тершеңдік сақталуы мүмкін. Иіс сезуге қатысты, ол әркімде әр түрлі өтуі мүмкін. Үш күннен кейін, тіпті екі айдан кейін қалпына келуі мүмкін. Егер науқаста иіс сезбеу белгілері әлі де бар болса, ол айналасындағыларға қауіп төндіреді деген сөз емес.

Коронавирус инфекциясынан емделіп шыққан адамдарда байқалатын аурудың зардаптары туралы айтып беріңізші

Организмнің шаршау, әлсіздік, ұйқысыздық түріндегі астенизациясы аурудан кейін де болады. Оның ұзақтығы барлық инфекциялық аурулар кезіндегідей екі аптадан екі айға дейін жалғасуы мүмкін. Коронавирус инфекциясымен ауырған адам осы сезімдерді басынан өткізгенін сезінеді және ол құбылыстар сақталады. Бел тұсының, бұлшықеттердің ауыруына қатысты айтар болсақ, иә, науқастарда аурудың осылай өту ағымы дар бар. Ауру күрделенген кезеңде төс асты ауырып, ішектерде жайсыздық орнап, жиі іш өтедіү сонымен бірге, бел тұсы, бел төңірегіндегі бұлшықеттер ауырады. Бұл интокикацияны науқастар ауыр өтеді. Бірақ бұл аурудың өту мерзімі емес, керісінше өршу кезеңі.

Бұл дертті қайта жұқтыру мүмкін бе? Ауырып болған адамның біраз уақыттан кейін КОВИД-ті қайта жұқтырған жағдайлар болды ма?

Бізде инфекцияны қайта жұқтырып, қайтадан ауруханаға жатқызу жағдайлары болған жоқ. Ауырып шыққан науқастардың көбі иммундық ферментті анализ тапсырды, олардың бәрінде М және G класының иммундық глобулиндері қалыптасып үлгерген. Меніңше, ауру белгілері жоқ адамдар басқаларға жұқтырмау үшін қалай болғанда да 14 күндік карантинге шыдағандары жөн.

Коронавирус инфекциясы кезінде одан жеңіл өтуге көмектесетін, болмаса өкпенің қатты зақымдануының алдын алатын тыныс алу гимнастикасы бар ма?

Тыныс алу гимнастикасын біз стационарда емдеу кезінде қолданамыз және науқастарға ауруханадан шыққаннан кейін де жасауды ұсынамыз. Пациенттерге біз үнемі үлкен шарларды үрлеп, дөрекі тыныс алу гимнастикасын жасаудың қажеті жоқ екенін айтамыз. Адам бір әрекет жасағанда одан шаршап, қалжырамауы керек. Тыныс алу гимнастикасы коронавирус инфекциясын емдеуде көмектеседі дегенмен келісемін. Бірақ. тыныс алу гимнастикасынан ауру жеңіл өтеді деп айта алмаймын. Ол ағзаға енген вирустардың шоғырлануына, адамның қосылқы аурулары мен өкпенің қаншалықты зақымданғанына байланысты. Тіпті стационарда біз тыныс алу гимнастикасын абайлап нұсқаулық етеміз. Кей жағдайларда тыныс алу гимнастикасын жасауға болмайтын кездер болады.

Коронавирус инфекциясы бар науқастардың бәріне компьютерлік томографиядан өту қажет пе, болмаса сәйкес белгілер болған жағдайда ғана ма? Тек профилктикалық мақсатта аталған тексеруді жүргізуде КТ ағзаға қандай зияндары бар?

Компьютерлік томография - диагностикалық және профилактикалық әдіс емес. Сондықтан профилактика үшін оны жасаудың керегі жоқ. Бұл сәулелі диагностика, сәулелендіру қалай болғанда да болады. Бұл өмірге қауіпті емес, дегенмен оны ретсіз жасаудың қажеті жоқ. КТ біз науқастарға коронавирус инфекциясының клиникасымен жасаймыз, бұл жөнінде хаттамада бар. Біз КТ өкпенің зақымдану аумақтары бойынша бағдар жасап, одан кейін аурудың кезеңін анықтаймыз. Бірақ профилактика үшін оны жасаудың қажеті жоқ.

Коронавирусты емдеу хаттамасы өзгерді ме? Қазір қандай препараттар қолданылады және неден бас тартты?

Диагностикалау және емдеу хаттамасы өзгерді. Хаттама табылған практикалық дағдылар тәжірибесінің пайда болуына қарай, сонымен бірге, осы және басқа да дәрілік құралдарды қолдану бойынша, коронавирус инфекциясы кезінде диагностикалық сәттерінің пайда болуына қарай өзгеріп отырады. Хаттамада вирусқа қарсы терапия қайта қаралған. Хаттамадан гидроксихлорохин, лопинавир алынып тасталған. Бұларды алдында ДДСҰ ұсынған болатын.

Алматыдағы соңғы пневмония жағдайлары коронавируспен байланысты ма?

Диагностикалау және емдеу хаттамасы бойынша компьютерлік-томографиялық талдамасы жағынан вирустық ағымға ұқсас барлық пневмониялар потенциалды коронавирустық деп саналады. Олар стционарларда ПТР зерттеуінен кейі ғана анықталып, іріктеледі. Дәрігерлер бактериалды, вирустық пневмонияларды клиникалық және аспаптар арқылы да ажырата алады. Пневмониямен науқастанғандардың бәрі коронавирусқа жатпайды. Науқастарға деген қарым-қатаныс, эпидемияға қарсы шаралар, емдеу шаралары коронавирус науқастарына қолданылғандай қолданылады.

Алматыда науқастарды ауруханаға жатқызар алдында қолданыла бастаған "эшелон" терминіне нақты анықтама бере аласыз ба?

Эшелондар, бұл стационарларды науқастардың жағдайының ауырлығы бойынша стационарлармен өзара байланыс. Диагностикалау кезіндегі қиындықтар және олардың жан сақтау көмегі мен қарқынды терапияға қаншалықты мұқтаж екендіктерін білдіреді.

Алматыда маска режимін сақтауға қатысты ауқымды ақпараттық-түсіндіру кампаниясы жүзеге асырылуда, соған қарамастан, айыппұл енгізілсе де тұрғындар тарапынан бұзушылықтар жалғасуда. Себебі көбі маска тағу қажеттілігін түсіне бермейді.

Маска режимі потенциалды жұқтыру қаупін төмендетеді. Сондай-ақ, ара қашықтық сақтап, міндетті қол гигиенасын ұмытпау керек. Біз өзіміз үшін жауапкершілікпен қарауымыз тиіс. Бүгінгі таңда осы дертпен ауырмаған бір де бір отбасы жоқ шығар. Біз сіздермен ауруды жұқтырсақ ол өзіміздің жеңіл қарауымыздан, жауапсыздығымыздан және сенімсіздігімізден екенін түсінуіміз керек. Ақыр соңында өзіміздің туғандарымызға жұқтыруымыз мүмкін екенін түсінуіміз керек, ал бұл ауру өте қауіпті. Сол себепті барлығынан эпидемияға қарсы шараларды сақтауға шақырамын.

Әлеуметтік қашықтық сақтауға қатысты - осы қаншалықты қажетті? Біз қоғамдық орындарда адамдардың топтасуы әлі де жалғасып жатқанын көріп жүрміз.

Қашықтықты сақтау керек. Біз инфекцияны жұқтырғанда бірден ауырмаймыз. Инкубациялық кезең бар. Бұл кезеңде адам өзінің инфекция жұқтырғанын және басқаларға жұқтыруы мүмкін екенін білмейді. Біздің жанымызда, топтасқан адамдар арасында аурудың белгілері жоқ тасымалдаушысы болуы мүмкін, сол себепті қашықтықты ды маска режимі сияқты сақтау керек.

Осы дертпен ауырғанда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ деп санайтын адамдар бар. Коронавирус инфекциясынан иммунитет пайда болады деп есептейтіндер де бар. Ауырған адамдарда иммунитет пайда бола ма және онымен қайта ауыру болжамы қандай?

Аурумен ауырып, иммунитет пайда болғызған дұрыс деп ойлау дұрыс емес. Иммунитет пайда болады, адамдар ауырып алған оңай деп ойлайды, алайда дерттен аман өту жағы бар. Бізге жансақтау, қарқынды терапия бөліміне ауыр жағдайдағы науқастар келіп түскенде көбіне сауығу туралы емес, аман қалулары жайлы айтамыз. Сол себепті ауырып алған жөн деп тұжырымдау дұрыс емес. Ауру жеңіл өтіп, сіз иммунтет көтеріп алсаңыз жақсы. Алайда бәрі басқаша болуы да мүмкін.

Коронавирустан басқа қазақстандықтар немен ауырады? Жаз негізінен ішек инфекциясының маусымы.

Коронавирус инфекциясынан басқа өмірде ештеңе өзгерген жоқ. Ішек инфекциялары да бар. Олар көпсалалы стационарлардың инфекциялық бөлімдерінде емделеді. Провизорлық стационарларда емес. Оларды коронавируспен араластырмаймыз. Сол себепті адамдарды бөлу және карантин шараларын сақтау аталған инфекциялық аурулардың азаюына әкелді. Ішек инфекциялары туралы айтып отырмыз.

Күзгі және қысқы мезгілдер алдында ЖРВИ (ОРВИ) алдын-алу үшін қандай кеңестер берер едіңіз. Өзімізге витаминдер комплексін тағайындау қаншалықты дұрыс, оның жанама әсерлері қалай болмақ?

Поливитаминдер адамдар өз организмін күшейтуге дайындық жасаудамыз деп ойлайтын көптеген жағдайларда қолданылатын ем түрі ретінде қолданылады. Қазақстанның климаттық шарттары өте керемет.

Қазір жаз кезі, жеміс-жидектер мен көкөністер көп. Сәйкесінше бұл дәрумендерді табиғи түрде алуға болады. Сол себепті арнайы химиялық препараттарды алмауға кеңес беремін.

Беткі қабаттардан жұқтырып алу фактілері бар ма, осындай жолмен жұқтыру ықтималдылығы қаншалықты?

Беткі қабаттардан жұқтыру жоққа шығарылмайды. Қаламыздың стационарларында ҰСО күшімен беткі қабаттарға зерттеу жүргізілді. Науқас болған жерден шайынды алынды. Терезе алдының, персонал киімдері салынған тумбалардың беткі жағынан, төсек-орыннан шайынды алынды. Расталған жағдайлар көп болды. Сонымен бірге, жеке қорғаныс құралдарын қолданған кезде біз оны ауыстыру кезінде жауапкершілікпен қарау керек. Біз ЖҚҚ шешу кезінде жұқтыруымыз мүмкін. Осы үстіңгі беттерінен егер көздеріміз ашық, қорғаныш құралдарынсыз болса, немесе ЖҚҚ дұрыс қолданбасақ және дұрыс жоймасақ, өзіміз де жұқтырып алуымыз мүмкін. Дезинфекциялау бойынша кеңауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Маскаларды дұрыс жою бойынша бірқатар ұсыныстар бере аласыз ба?

Біз потенциалды таратушы болуымыз мүмкін, сол себепті маскаларды тағу арқылы біз өзімізді ғана емес, басқаларын да қорғаймыз. Маскаларды көшедегі қоқыс ыдыстарына, жақын маңда тұрған контейнерлерге тастамаған жөн, одан да үйде жойған дұрыс. Целлофан қапшықтарға салып, аузын буып тастау керек.

Дүкендерден, базарлардан сатып алынған азық-түліктерді, көкөніс пен жемістерді қалай дұрыс өңдеп тазалау керек?

Сыртқы ортада вирус азық-түлікте де, тегіс беттерде де сақталуы мүмкін. Сәл ертерек вирус сыртқы ортада өзінің өміршеңдігін жоғалтпай 96 сағаттан кем емес уақыт өмір сүреді деп айтылған еді. Азық-түлік өнімдерін әдеттегідей жолмен тазалап өңдеу керек.

КВИ кезінде коронавирус инфекциясының барын көрсететін қандай препараттарға рұқсат етіледі? Қандай препараттарды дәрігердің нұсқауынсыз қолдануға болады және қандай дәрілерді пайдаланбаған жөн?

Дәрігердің нұсқауынсыз тек көп мөлшерде су ішуге болады. Мен науқастардың өз бетінше емделгендеріне қарсымын, оның үстіне, коронавирус инфекциясы сияқты қауіпті дерт кезінде. Өзін жайсыз сезініп, коронавирус белгілерін байқаған адам медициналық көмекке жүгенуі тиіс. Тіркелген орны бойынша өзінің дәрігеріне хабарласып, міндетті түрде кеңес алу қажет. Осыған дейін болған ажиотаж (дәріханалардағы дәрілік препараттарға байланысты) шындығында негізсіз болды. Коронавирус инфекциясы кезінде антибиотиктерді тағайындау бірінші кезекте таңдалатын препараттар емес. Дәрігер антибиотикті егер қосымша инфекция қосылған жағдайда жазып береді. дәлелденген қосымша бактериялық инфекция. Және науқастың ілеспелі ауруына антибактериалды әсер ету қажет болған жағдайда тағайындалады. Дәрігердің нұсқауынсыз антибиотиктерді сатып алмауға кеңес беремін. Бізге үйлерінде антибиотк алған, оның үстіне аралас антибиотиктер алған науқастар көп түсуде. Бір антибиотикті қабылдап жүріп, көмектеспегеннен кейін басқасына ауыстырғандар бар. Әрине, пациенттер антибиотикті емделу үшін қабылдайды. Қала емхааларында коронавирус инфекциясын амбулаторлық деңгейде емдеудің хаттамалары жасалған. Осыған байланысты өзін-өзі емдеумен айналыспауды ұсынамыз.

Бактерияға қарсы және басқа да препараттарды қолдану кезінде адамда аллергиялық рекация туындауы мүмкін. Екіншіден, қажет емес жағдайда антибиотиктерді қолдану дисбиоз тудырады,бізге қажетті флораны өлтіре отырып, басқа бактериялардың көптеп бөлінуін тудырады. Антибиотиктарды қолдану арқылы дисбактериозы біз өзіміз шақырамыз. Коронавирус инфекциясына сілтеп, антибиотиктерді қолдану арқылы организмді химиялап, иммунитетті түсіреміз. Мен оны өршіту керек демеймін, бірақ артық препараттармен төмендеткен дұрыс емес.

Бүгінгі таңда дәріханаларда бір қолға бір дәрі деген ереже бар. Соған қарамастан, дәрілерді мол қылып алу қаншалықты қажет екеніне қатысты ұсыныстар бере аласыз ба? Болмаса препараттың мерзімі және санымен шектелетін, осы және басқа да белгілер байқалған жағдайда қолдану керек болатын арнайы емдеу курстары бар ма?

Керек болып қалады деп препараттарды алып қоюды мен дұрыс қадам деп ойламаймын. Себебі бұл препарат кейін керек бола ма? Дәрігер науқасқа үнемі оның қолында бар препараттарды емес, оған қажет препараттарды нұсқайды. Бұл жерде мен олай жасамауға шақырамын. Оның үстіне препараттардың жарамдылық мерзімдері бар. Препараттарға ақша шығындап, кейін оларды қажет болмағаннан кейін жай ғана тастау керек болады. Мерзімі өтіп кетеді. Препаратты сатып алған кезде оларды қалай сақтау керектігіне назар аудару керек. Ал егер препараттың қолдану мерзімі ұзақ болып, дұрыс сақталмаған жағдайда ол да пайда әкелмейді. "Керек болып қалар" деген желеумен қор жинамауға шақырамын.

Коронавирус тұзды суда өледі деген қаншылықты шындыққа сәкес келеді?

Коронавирус тұзды суда жойылады деген жай аңыздардың бірі. Ол барлық дезинфекциялық құралдарға, барлық антибиотиктерге сезімтал келеді. Беткі қабаттарды дұрыс дезинфекциялау, қолды дұрыс өңдеу, қолды дұрыс жуу - міне, осылар көмектеседі. Осы шараларды қолдану кезінде коронавирус жойылады.

Қызықты сұхбатыңызға және уақыт бөлгеніңізге рахмет. Сау болыңыз!

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны