10.08.2020, 23:30 4750

Медицина университеттерінің түлектері Қарағанды облысының Бұқар-Жырау ауданына жұмыс істеуге келді

Қарағанды, Алматы және Түркістан медицина университеттерінің түлектері Қарағанды облысының Бұқар-Жырау ауданына жұмыс істеуге келді. Орталық аудандық ауруханаға 11 жас дәрігер келді.

Алматы. 10 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды, Алматы және Түркістан медицина университеттерінің түлектері Қарағанды облысының Бұқар-Жырау ауданына жұмыс істеуге келді. Орталық аудандық ауруханаға 11 жас дәрігер келді. Үштөбе, Петровка ауылдарының дәрігерлік амбулаторияларына,
Ғ.Мұстафин кентінің учаскелік ауруханасына және аудандық аурухана емханасына бірқатар мамандармен толықты.

Жас дәрігерлер баспанамен қамтамасыз етілді және оларға әрқайсына 400 мың теңгеден көтерме ақы төленеді.

Бұқар-Жырау ауданының ОАА директоры Дамет Нурмаганованың айтуынша кадрлар жетіспеушілігі төмендеген, бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Доскей ауылының АДА-на және аудандық ауруханаға терапевтердің келуі күтілуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны