14.08.2020, 16:04 3659

Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілерге музейде онлайн экскурсия ұйымдастырылды

Онлайн турға қатысушыларға облыстық тарихи-өлкетану музейіне аралауға мүмкіндік берді

Алматы. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілерге музейде онлайн экскурсия ұйымдастырылды.

Аталған ерекше идеяның бастамашысы Ақтөбе облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті болды.

Онлайн турға қатысушыларға облыстық тарихи-өлкетану музейіне аралауға мүмкіндік берді.

Жыл басынан мемлекеттік қызметшілерге арналған бірқатар мәдени іс-шаралар елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты кейінге шегерілді.

Алайда ұйымдастырушылар оларды жаңа технологиялардың көмегімен онлайн форматта өтку туралы шешім қабылдады.

Есесіне, онлайн музейге тек мемлекеттік қызметшілер емес, олардың отбасы мүшелері, өңірдің басқа да тұрғындары көре алады.

Бұл туралы өзінің Фейсбук парақшасында Департамент басшысының орынбасары Рафхат Бисенов мәлімдеді.

Онлайн трансляция Департаменттің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында жүргізілді.

Экскурсия барысында музей қызметкері музейдің ашылу тарихы туралы әңгімелеп, экспонаттармен және жәдігерлермен, Қазақстан аумағын ежелгі дәуірден орта ғасырларға дейінгі кезеңде мекендеген тайпалардың тарихымен, экономикасымен, діни көзқарасымен, қолөнерімен және архитектурасымен таныстырды.

"Бізге онлайн тур өткізу туралы ұсыныс түскенде, бұл бастаманы қолдадық. Пандемия жағдайында көптеген нысандар онлайн режимге көшті, соның ішінде біздің музей де келушілерге есігін жапты. Бірақ бүгін адамдар үйлерінен шықпай, бізге келуге және экспонаттармен танысуға мүмкіндік алды", деді музей басшысының м.а Арман Ержанов.

Онлайн турға барлығы 100ден астам азаматтар қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шараларды дәстүрге айналдыру және жақын арада облыстағы басқа да мәдени және тарихи нысандарды аралау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны