21.09.2020, 20:55 3644

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Ең әуелі "№17 қалалық емхана" МКК-да болды. Көпбейінді емхана 2010 жылы салынған болатын. Бір ауысымда 630 адамды қабылдауға қауқарлы және медициналық қызметтің бірнеше түрі көрсетіледі.

Алматы. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алексей Цой Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Екі күндік сапары барысында медициналық мекемелерді аралап, медицина қауымдастығымен кездесу өткізді.

Ең әуелі "№17 қалалық емхана" МКК-да болды. Көпбейінді емхана 2010 жылы салынған болатын. Бір ауысымда 630 адамды қабылдауға қауқарлы және медициналық қызметтің бірнеше түрі көрсетіледі.

Жол картасы тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының ДСБ шаһардағы медициналық мекемелердің барлығын жаңғыртудан өткізіп, бір ортаға біріктіруде. Қазіргі таңда бұл емханаға онкологиялық, фтизиятрлық, наркологиялық және психиатриялық қызметтер еніп отыр.

Халыққа жоғары қызмет көрсететін инновациялық технологиялар қолданылуда. 2011 жылы алғаш рет "№17 қалалық емхана" "Кезексіз емхана" тәжірибесінен өтті. Яғни, алдын ала жазылу арқылы қабылдауды бастады. Емхананың әрбір қабатында элекронды ақпараттандыру тақтасы орнатылған. Науқастар кезегін, уақыт және дәрігерлердің жүктемесін көре алады. e-gov порталы арқылы да мемлекеттік қызметтер сапасын анықтауға болады. Сонымен қатар, емханада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр.

Сондай-ақ, министр Алексей Цой "Ұлттық сараптама" Республикалық мекемесінде болды. ҰСО-ның барлық аймақтық қамтитын филиалдары бар. Негізінен санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаларды және зерттеулердің сапасы мен мерзімін жетілдіріп жатыр. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі үшін нақты нәтижелер ұсынады. Эпидемияға қарсы алдын алу шараларын жасауға үлкен септігін тигізіп отыр.

Сонымен қатар, министр 500 төсек-орынға шақталып салынып жатқан "И. Жекенов атындағы қалалық инфекциялық аурухана" МКК құрылысымен танысты. Айта кетерлігі, соңғы 7 айда әлемдік тәжірибеге сүйене отырып жасалған трансформациялау қаланың денсаулық саласына соны серпін берген. Атап айтқанда, өлім-жітім көрсеткіші айтарлықай төмендеген.

17 қыркүйектегі жағдай бойынша қалада 14 328 адам COVID-19 жұқтырған. Соңғы бір тәулікте 3 жаңа жағдай тіркелген. Қазіргі таңда 13 941 адам жазылып шықты немесе 97,5%. Қайтыс болғандар саны 270 адам.

Қалада 6211 төсек-орны және 250 реанимациялық орны бар 27 ковидтік емхана дайындалған. Қазіргі уақытта 1923 төсек-орынға шақталған 17 емхана жұмыс істеп тұр. 4288 орын резервте тұр.

Түркісіб ауданында 500 орындық аурухана дайындалып жатыр. Қазан айында заман талабына сай 300 орындық модульді емхана қолданысқа беріледі. Сонымен қатар, қонақ үй базасында 215 орындық екі бірдей жекеменшік емхана ашылады. Елбасының тапсырмасына сәйкес, "Самұрық-қазына" ҰӘҚ көмегімен су жаңа Жұқпалы ауруларды зерттейтін ұлттық ғылыми орталық салу жоспарланған.

COVID-19, Тұмау, өкпенің қабынуына шалдыққан науқастары үшін жедел медициналық жәрдем қызметінің алгоритімі жетілдірілді. Бұдан былай аталған санаттағы науқастарды медициналық жәрдем ғана жатқызады.

Науқастардың үйіне барып қызмет жасайтын медициналық жәрдем арнайы әзірленген түбіртек-парақ бойынша ауырып жатқан адамның жағдайына баға бере алады. Егер қажет болған жағдайда жатқызуға алып кетеді. Жол-жөнекей КТ жасалады. Осылайша, стационарға түскен науқастың қолына бірден КТ нәтижелері беріледі. Сондай-ақ, тегін түрде МКМК аясында тегін ПТР сынақ жасалады.

Коронавирустан емдейтін стационар үш санатқа бөлінген. Біріншісі, ауыр және жағдайы өте ауыр науқастар үшін. Екіншісі, орта деңгейлі науқастар үшін. 1850 орынға шақталған қайта жасақталған емхана бар. Үшіншісі, обсерваторлар. Мұнда ем-дом шараларын аяқтайды. Мұндай 8 ұйым бар, оларда жалпы саны 2391 орын дайын тұр.

Өлім-жітімді төмендету үшін Реаниматология және анестезиология орталығы құрылды. Осы орталықтың арқасында 348 адам өлім аузынан арашаланды. Медициналық газбен қамтудың орталықтандырылыған бағдарламасы басталды. Барлық ковидтік стационарларда кәріздік ағындарды зарарсыздандыру жүйесінің құрылысы басталды. Әрбір инфекциялық емханада медициналық қалдықтарды жоятын бекеттер салынады.

Аса маңызды дәрі-дәрмектер бойынша тұрақтындыру қоры құрылған. COVID-19-ға күдігі бар азаматтар үшін кеңес беру мақсатында телемедицна тәжірибесі дамып жатыр.

Қазіргі таңда 1000-нан астам қызметкер қарқынды жұмыс істеуде. Індет өршіген уақытта 4666 қызметкер алдыңғы қатарда еңбек етті. 2515 маман резерві жасалды. Олардың арасында дәрігерлер, кіші және орта санаттағы қызметкерлер бар. Барлық медқызметкерлер жұқпалы ауруларды емдеу бойынша біліктілік сабағынан өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны