22.09.2020, 21:28 6392

Тұрғын уйлерді басқарудың жаңа түрлері: меншік иелері бірлестігін (МИБ) немесе жай серіктестікті (ЖС) құру туралы сурақтарды Suraqtar.kz платформасында коя аласыз

Тұрғын уйлерді басқарудың жаңа түрлері: меншік иелері бірлестігін (МИБ) немесе жай серіктестікті (ЖС) құру туралы сурақтарды Suraqtar.kz платформасында коя аласыз

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Тұрғын уйлерді басқарудың жаңа түрлері: меншік иелері бірлестігін (МИБ) немесе жай серіктестікті (ЖС) құру туралы сурақтарды Suraqtar.kz платформасында коя аласыз

Халықпен тиімді байланыс жүйесін құру мақсатында "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ (бұдан әрі -ТКШ орталығы) әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге ерекше назар аударады.

Енді МИБ немесе ЖС құру бойынша туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін азаматтар Suraqtar.kz порталы арқылы ТКШ орталығына хабарласа алады.

Suraqtar.kz платформасын жасаушы - BTS-Digital ЖШС отандық IT-компаниясы.

Suraqtar.kz - мемлекеттік қызметтер мен түрлі өмірлік жағдайлар бойынша сұрақтарға жауаптар алатын алаң. Платформаны құрудың мақсаты - орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың азаматтарға уақтылы, толыққанды ақпарат беруі, өзекті, әлеуметтік маңызды мәселелерді жедел анықтау және оларға жауап беру. Қазіргі уақытта "BTS-Digital" ЖШС Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен белсенді ынтымақтастық орнатып, 42 500 тенге төлемдер мен олардан бас тартуға қатысты сұрақтар қабылдаудың ресми орталығы болды. Сонымен қатар платформа ТКШ орталығымен тұрғын үй қатынастары саласындағы реформаны жүзеге асыруға байланысты жұмыс атқаруда.

Бүгінгі таңда жаңа формат онлайн режимінде тұрғындар мен қоғамның сұрақтарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

ТКШ орталығымен және коммуналдық қызметтердің мамандары өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес басқарудың жаңа түрлерін енгізу бойынша сұрақтарға жауап беруге дайын.

Сонымен қатар, Suraqtar.kz порталында азаматтар "өзекті сұрақтар мен жауаптар" арасында жиі қойылатын сұрақтарға дайын жауап ала алады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны