19.11.2020, 20:05 8549

Шекарашылар құрамында алтыны бар кенді заңсыз шығару әрекетінің жолын кесті

Ұсталған жүк іс жүргізудің шешімін қабылдау үшін тергеулігі бойынша Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

Алматы. 19 қараша. Kazakhstan Today - Шекарашылар құрамында алтыны бар кенді заңсыз шығару әрекетінің жолын кесті.

2020 жылғы 18 қарашада шекарашылар "Қайрақ" (Қостанай облысы) автомобиль өткізу пунктінде алдын ала бағалау бойынша жалпы сомасы 466 440 500 теңгені құрайтын құрамында алтыны бар 18 500 килограмм кенді Қазақстаннан Ресей Федерациясына заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

Ұсталған жүк іс жүргізудің шешімін қабылдау үшін тергеулігі бойынша Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

Бұған дейін 2020 жылғы 27 шілдеде осы өткізу пунктінде "кварцит" түріндегі "құрамында алтыны бар кенді" әкету әрекеті тоқтатылды.

ҚР азаматына (жүргізуші) қатысты қылмыстық іс қозғалды, уәкілетті органдар тергеуге дейінгі іс-шараларды жүргізуде.

ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері тыйым салынған тауарлар мен жүктерді заңсыз әкетуге жол бермеу мақсатында өткізу пункттерінде бақылауды күшейтуге бағытталған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны