27.11.2020, 21:40 10176

Министрлік үшінші тұлғалардың ЭЦҚ пайдалану фактілерінің жиіленгенін хабарлайды

Министрлік үшінші тұлғалардың ЭЦҚ пайдалану фактілерінің жиіленгенін хабарлайды

Алматы. 27 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) үшінші тұлғалардың ЭЦҚ пайдалану фактілерінің жиіленгенін хабарлайды.

2015-2018 жылдар аралығы кезеңінде 15 әкімшілік құқық бұзушылық (ҚР ӘҚБтК 640-бабы) 2019 жылы 52 іс тіркелді.

Ағымдағы жылдың 9 айында ЭЦҚ-ны заңсыз берудің 30-дан астам фактісі және оны қорғау бойынша шараларды сақтамаудың 5-тен астам жағдайы анықталды. Аталған фактілер бойынша 10-нан 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынды.

"Соңғы кездері Министрліктің атына жеке және лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ - ны заңсыз беру фактілері бойынша көптеген материалдар мен шағымдар келіп түсуде. ЭЦҚ-ның қол қоюшы тұлғаның өз қолымен қойған қолымен тең екенін және бірдей заңды салдарға әкеп соқтыратынын білу маңызды", - деп түсіндірді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының өз ЭЦҚ-сын басқа қызметкерлерге беру жағдайлары, сондай-ақ жұмыс берушілер жұмыстан босатылған қызметкерлердің ЭЦҚ-сын кері қайтармайтын жағдайлары артты. Мұндай іс-әрекеттер ЭЦҚ-ны заңсыз қолдануға ықпал етеді. Бұл әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Өзін қорғау және алаяқтықтың құрбаны болмау мақсатында немесе кері жағдайда, бұзушы министрлік ретінде төмендегілерді ұсынады:

Біріншіден, ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруді болдырмау. Ұйымдарда құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлер үшін жеке ЭЦҚ беру.

Екіншіден, ұйымнан ЭЦҚ-сы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару фактілерін қадағалау және оларды ЭЦҚ-мен уақтылы кері қайтарып алу.

Үшіншіден, жоғалған жағдайда, алдыңғы ЭЦҚ-ны кері қайтарып алып, ЭЦҚ-ны дереу қайта шығару, сондай-ақ парольді стандарттан неғұрлым күрделіге ауыстыру.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны