13.01.2021, 21:36 9619

"Отбасы Банк" зейнетақы төлемдерін аудару үшін арнайы ағымдағы шоттарды ашуды бастады

Арнайы шот ашу операциясы дүйсенбіден сенбіге дейін (қоса алғанда), 9:00-ден 21:00-ге дейін болады.
Нұр-Сұлтан. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу мақсаттарына біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды көздеп отырған БЖЗҚ салымшылары ""Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да онлайн режимде арнайы ағымдағы шот аша алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Отбасы банк" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ең алдымен, қазіргі уақытта "Отбасы Банк" АҚ-ның клиенті болып табылмайтын зейнетақы қорының салымшыларына арнайы ағымдағы шоттар ашуды ұсынылады.
 
Бұл үшін: ЖССБ24 мобильді қосымшасын жүктеп, құрылғыңызға қондыру қажет (IOS және Android). Қосымшаның басты бетінің төменгі жағындағы "Біржолғы зейнетақы төлемі үшін шот ашу" пернесін басыңыз. Сосын қолданыстағы ұялы телефон нөмірін және ЖСН енгізіңіз. Ұялы телефон нөміріңізге коды бар SMS жіберіледі.
 
Енді өзіңізді куәландыру қажет. Верификациядан сәтті өткеннен кейін клиент сауалнамасындағы жеке деректерді толтырыңыз. Деректерді өзгертуге арналған өтінішпен, Банктің стандартты талаптарымен және біржолғы зейнетақы төлемі үшін шот ашу туралы өтінішпен танысыңыз.
 

Бұл әрекет расталу үшін сіздің нөміріңізге коды бар SMS жіберіледі, келген кодты енгізіңіз. Әрі қарай, интернет-банкингке кіру үшін пароль ойлап тауып, енгізіңіз. Мобильді қосымшаға жылдам кіру үшін 4 саннан тұратын пасскодты ойлап тауып, енгізіңіз. Біржолғы зейнетақы төлемі аударылатын арнайы ағымдағы шот ашылды", - деп банктегі рәсім туралы айтты. 

 
 "Отбасы банк" клиенттері үшін арнайы шот онлайн-платформада біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану туралы өтініш беру барысында ашылады. Платформа біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері бекітілгеннен кейін іске қосылады.
 
Сондай-ақ, арнайы шотты "Отбасы Банк" АҚ сайтындағы бейне қоңырау қызметі арқылы да ашуға болады.
 
Арнайы шот ашу операциясы дүйсенбіден сенбіге дейін (қоса алғанда), 9:00-ден 21:00-ге дейін болады. 
 
 "Отбасы Банк" уәкілетті оператор ретінде зейнетақы жинақтары аударылатын арнайы ағымдағы шоттарды ашуға және жүргізуге, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін аударуға байланысты агенттік қызметтер көрсеткені үшін комиссия алмайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны