28.01.2021, 19:05 10024

ШҚО өзендерінің ауыр металдармен ластануынан келген шығын 718 млн теңгеден асты

Кәсіпорынға залалды өтеу туралы, сондай-ақ су объектілерінің ластануын болдырмау мақсатында тазарту жүйелерін жаңғырту не қазіргі заманғы технологияларды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажеттігі туралы ұйғарым берілді.
Өскемен. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - ШҚО экологтары өзендердің ауыр металдармен ластануын анықтады – келтірілген залал 718 млн. теңгеден асты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне сілтеме жасап.
 

Риддер қаласындағы "Казцинк" ЖШС ірі өнеркәсіптік кешені кеңес дәуірінен бері белгілі Риддер тау-кен байыту комбинаты (РГОК) болып табылады. Кәсіпорын жұмыс орындарын береді, өңірді қамтамасыз етуге қаражат бөледі. Алайда, монетаның кері жағы да бар. Зауыт 1 санаттағы кәсіпорын ретінде экологияны ластаудың негізгі көзі болып табылады", - деді ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

 
ШҚО бойынша экология департаменті тарапынан тұрақты бақылауға қарамастан, жүргізілген профилактикалық бақылау барысында бұзушылықтар анықталды:
 
- Мартынов ключ ағынындағы мырыш пен марганецтің жоғарылауы, оның себебі жойылған Шубин кенішінің аумағынан ағып жатқан нөсер мен еріген сулар, сондай-ақ Шубин тау жынысының дренаждық сулары болды.
 
- Филипповка өзенінің ауыр металдармен ластануы, КСРО кезінде салынған Чащинский қалдық қоймасының әсерінен болған.
 
- өңделген жыныс үйінділерінің дренаждық суларының әсері нәтижесінде Үлбі өзенінің ауыр металдарымен ластануы.
 
- Чащинск кенішінен Үлбі өзеніне тазартылған шахта суларын ағызу кезінде өлшенген заттар бойынша ШЖК 32 есе, тұзды аммоний бойынша 3,8 есе, нитриттер бойынша 12,5 есе, сульфаттар бойынша 1,7 есе, мырыш бойынша 2,1 есе асып кетуі.
 
Комитетте бұл аталған мөлшерден асып кетулердің жүйелік сипаты бар екенін атап өтті.
 

Тазарту құрылыстары болған кезде, сарқынды суларды ағызу барысында көптеген заттар бойынша едәуір асып кету байқалады, бұл Үлбі өзенінің салаларының сапасына теріс әсер етеді: Мартынов Ключ, Филипповка өзендерінің жоғарғы нүктелерінен Үлбі өзенінің төменгі нүктесіне дейін", - деп түсіндірді ведомствода.

 
Экологтардың ақпараты бойынша, жер үсті тау өзендерінің каскадына шахталық және үйінді сулардың нормативтен тыс төгінділерінен келтірілген экологиялық залал сомасы 718 млн.теңгеден асады (соңғы тексеру сәтінен бастап).
 

Кәсіпорынға залалды өтеу туралы, сондай-ақ су объектілерінің ластануын болдырмау мақсатында тазарту жүйелерін жаңғырту не қазіргі заманғы технологияларды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажеттігі туралы ұйғарым берілді. Бүгінгі таңда, "Қазмырыш" ЖШС РМОК 2021 жылдың 2-тоқсанына дейін іске асыру мерзімімен жалпы сомасы 44 млн. теңгеге табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарын ұсынды", - деп қорытындылады комитетте.

 
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жаңа экологиялық кодекс жұмыс істей бастайды. "Ластаушы төлейді және түзетеді" экологиялық қағидатын іске асыру ластанудың алдын алу және бақылау жөніндегі шараларды, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген залалды қалпына келтіру үшін жауапкершілікті білдіреді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны