01.02.2021, 17:58 6025

Қиясов: вакцинация шектеусіз, карантинсіз және локдаунсыз өмірге оралуға мүмкіндік береді

"Егер халықтың кем дегенде 50%-ы вакцина алса, иммундық қабат пайда болады. Осылайша, еш шектеусіз, карантинсіз, локдаунсыз қалыпты өмірге орала аламыз".
Нұр-Сұлтан. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов бүгін коронавирусқа қарсы вакцина алып, өз сезімдерімен бөлісті және қазақстандықтардың қандай жағдайда карантин мен шектеусіз қалыпты өмірге орала алатынын айтты.
 
Қиясовқа ресейлік "Спутник V" вакцинасы егілді. Оның айтуынша, вакцинациядан кейін ыңғайсыздық жоқ.
 
Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады. 
 
Сонымен қатар, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов локдаунсыз өмірге оралу үшін қанша қазақстандық вакцина алуы қажет екенін түсіндірді.
 

Егер халықтың кем дегенде 50%-ы вакцина алса, иммундық қабат пайда болады. Осылайша, еш шектеусіз, карантинсіз, локдаунсыз қалыпты өмірге орала аламыз. Вакциналаудың ең басты нәтижесі осы болады", - деп жауап берді Ерлан Қиясов №6 қалалық емханада тілшілерге берген сұхбатында.

 
Сонымен бірге, Е. Қиясов жыл соңына дейін 6 миллион адамды вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланғанын атап өтті.
 

Жалпы, егу жұмыстары үшін 10 миллион азаматқа дейін есептелген сандарды алдық. Бәрінің вакцина алғанын қалар едік, өйткені коронавирустың қандай қауіпті инфекция екенін білесіздер. Барлығын вакцина алуға шақыруға тырысамыз", - дейді Е. Қиясов. 


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда пандемия басталғаннан бері коронавирус жұқтырудың 187 970 жағдайы расталды, 168 768 науқас сауығып, 2556 адам қайтыс болды. 

Бүгіннен бастап елімізде кезең-кезеңмен вакцинация басталады.

Ақапарт көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны