02.02.2021, 17:09 5535

Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді - Тоқаев

Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі.
Нұр-Сұлтан. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялаудың басталғаны туралы айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
 

1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

 
Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Бірінші кезекте халықтың жекелеген топтары - медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметшілер және басқалар вакцинациялауға жатады. Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі.
 
Бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге "Спутник V" вакциналарының алғашқы партиясын жеткізуді жүзеге асырды. Ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені 112 мың доза вакцина, наурыз айында - 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың доза жеткізуді жоспарлап отыр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны