11.02.2021, 17:21 9881

Мониторингтік топ Алматы әуежайында эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуын тексерді

Инспекциялау барысында мониторингтік топ мүшелері халықаралық авиарейстерге келетін жолаушылардың қозғалыс маршрутымен танысты.
Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы халықаралық әуежайында санитарлық нормалар мен эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуын тексерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Айгүл Соловьева және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы РАМТ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов Алматы халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуына кезекті мониторинг жүргізді.
 
Мониторингтік топ әуежай аумағындағы жалпы тамақтану орындарында бетперде режимін, санитарлық нормаларды сақтауды бақылау шараларын тексерді. Сондай-ақ, тепловизорлардың, мониторлар мен санитайзерлердің болуын тексерді.
 

Біз Алматы әуежайы қолданатын барлық реттілік пен алгоритмді қадағаладық. Біз не көрдік? Бірінші кезекте, кірген кезде – міндетті түрде бетпердесіз кіресің бе және санитарлық нормаларды қаншалықты сақтайтыныңды түсіріп тұратын мониторды көріп отырмыз", — деп атап өтті Айгүл Соловьева. 

 
Оның айтуынша, қала тұрғындары көбірек жауапкершілік танытып, саналы түрде Қазақстан аумағына қайтып келгенге дейін алдын ала ПТР тестілеуден өтуі тиіс.
 
Инспекциялау барысында мониторингтік топ мүшелері халықаралық авиарейстерге келетін жолаушылардың қозғалыс маршрутымен танысты. 
 
Естеріңізге сала кетейік, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес Қазақстанға келгендердің барлығында ПТР-коронавирустың жоқтығы туралы анықтама болуы тиіс, ол берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспауы тиіс. Анықтама болмаған жағдайда келген ҚР азаматтары ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 3 тәулікке дейін оқшаулануға жатады, ал шетелдік азаматтар депортацияланады.
 

Біз Алматы қаласы бойынша осындай мониторингті тұрақты түрде жүргізіп отырамыз. Біз әуежайға барып, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қала басшылығымен бірлесіп енгізілген жаңалықтармен таныстық", — деді Рафаэль Гасанов.

 
Мегаполис әуежайында жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді алдын алу шаралары жүзеге асырылды. Терминалға кірген кезде дене температурасын міндетті түрде өлшеу жүргізіледі. Әуежай қызметкерлері бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты қатаң бақылайды. Қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылған. Әрбір рейстен кейін ғимараттар мен перрондық автобустарға күшейтілген дезинфекция жүргізіледі. Сонымен қатар, келушілерді хабардар ету мақсатында адамдар көп жиналуы мүмкін жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында белгілер бар, күту залындағы креслолар шахматтық тәртіппен белгіленген.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда КВИ жұқтырудың шамамен 40% - ы қоғамдық орындарға барған кезде болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны