18.02.2021, 19:33 10254

Алматы тұрғындары әлеуметтік медсақтандыру аясында жылына 40 мыңнан астам КТ және МРТ жасады

МӘМС іске қосылғалы бері бұрын азаматтар қалтасынан төлеп келген бағасы қымбат қызметтер қолжетімді бола бастады.
Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Жыл басынан бері Алматыда МӘМС аясында 40 мыңнан астам КТ және МРТ жасалды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес ұйымының Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында айтты.
 

Биылғы жылдың алғашқы айында, екі пакеттің шеңберінде 337 млн теңгеге 23 мың ПТР тест өткізілді. Ал 2020 жылы медициналық көмек пакетінің кепілдендірілген көлемі аясында 382 млн теңгеге 37 991 ПТР тест өткізілді. Міндетті медициналық сақтандыру бойынша 8768 млн теңгеден астам сомаға 73 682 ПТР анализі жасалды", - деді спикер.

 
Оның айтуыша, сақтандыру - халықтың денсаулыққа жұмсайтын шығынын қысқартуға бағытталған реформа.
 
Мәселен, МӘМС іске қосылғалы бері бұрын азаматтар қалтасынан төлеп келген бағасы қымбат қызметтер қолжетімді бола бастады.
 

Былтыр сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген КТ/МРТ, ПТР қызметтер саны 2019 жылмен салыстырғанда 3 есе артты. 2020 жылы Алматы қаласы бойынша 41 540 КТ/МРТ жасалды. Оған 543,1 млн теңгеден астам қаражат төленді. Сонымен қатар, онкологиялық сырқатты анықтау мақсатында жасалатын 7 мың ПЭТ-диагностика қызметі көрсетілген (позитронды-эмиссиондық томография). Оған 1,2 млрд теңге төленді. Емханалар арқылы көрсетілген консультативтік-диагностикалық қызметтің басым бөлігі медициналық сақтандыру есебінен қаржыландырылды", - деді Тілеухан Әбілдаев.


Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны