23.02.2021, 19:49 7719

БАҚ Алматыдағы зиратта вандализм туралы хабарлады

Алматы. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда туыстарының келісімінсіз 23 қабір қайта жерленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
 
Алматы қаласының Бостандық ауданындағы "Ремизовка" зиратынан 23 қабір "Кеңсай-2" зиратына қайта жерленген. Енді туыстары ешқандай келісімсіз қайта жерленді деп шағымданып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 
2021 жылдың қаңтарында 71 жастағы алматылық Хадим Закарин "Ремизовка" зиратындағы ата-анасының қабіріне келген. Бірақ ҰОС ардагері Хамит Мәмбеталиев пен Гүлмаржан Закаринаның ескерткішін де, қоршауын да таппаған. Қария полицияға жүгінеді.
 
Сондай-ақ, ол бұған дейін белгісіз адамдар қайта жерлеуге келісім беруді сұрап, ақшалай өтемақы ұсынғанын айтты. Бірақ ол бас тартқан.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны