Система Orphus

Ералы Тоғжанов: Қазақстанда локдаунды енгізудің алғышарттары жоқ

23.06.2021, 21:28 12259
Ералы Тоғжанов: Қазақстанда локдаунды енгізудің алғышарттары жоқ
НҰР-СҰЛТАН. 23 МАУСЫМ - Қазақстанда локдаунды енгізудің алғышарттары жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 
 

Бұл мәселе күн тәртібінде жоқ. Кеше Ведомствоаралық комиссия отырысында Нұр-Сұлтан қаласында енгізілетін нақты шектеу шаралары қабылданды. Оның бәрі алдын ала шаралар деп айтуға толық негіз бар. Бұл қызмет көрсету саласына, адамдар көп жиналатын орындарға, сауда орталықтарына қатысты шектеулер. Бұл жұмыстар жалғасын табады. Одан әрі шешім эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданатын болады", - деді Е.Тоғжанов өз жауабында.

 
Сонымен қатар, Тоғжанов карантиннің күшеюі бүкіл Қазақстанға әсер ететіндігін атап өтті. 
 
Атап айтқанда, сауда орталықтарының жұмыс уақыты, азық-түлікке жатпайтын тауарларды сататын сауда желілері, қоғамдық тамақтану, жабық азық-түлік емес базарлардың жұмыс уақыты қысқарады, 100 адамнан аспайтын ашық ауада жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
 
Сондай-ақ, брифингте Ералы Тоғжанов Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудан өтпеген қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің жұмысын шектейтінін хабарлады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны