Система Orphus

Батыс Қазақстанда әйелді балағаттағаны үшін ауыл әкімі жазаланды

30.07.2021, 21:45 9127
Батыс Қазақстанда әйелді балағаттағаны үшін ауыл әкімі жазаланды
Сурет: ФОТО: mgorod.kz
ОРАЛ. 30 ШІЛДЕ - Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Бәйтерек ауданы Махамбет кентінің әкімі Бейбіт Аманғалиевке шағымданды. Оның айтуынша, әкім оның атына қорлау сөздер айтқан.
 
БҚО мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңес ауыл тұрғынын қорлап кеткен Махамбет кентінің әкімі Бейбіт Аманғалиевке қатысты тәртіптік істі қарады.
 

Тұрғындар жиыны кезінде ауыл әкімі мен Таңжарықованың арасында ауызша қақтығыс орын алды. Кейін Бейбіт Аманғалиев басқа адамға WhatsApp мессенджері арқылы дауыстық хабарлама жіберіп, ауылдас әйелді тіл тигізіп қорлады. Жазба Таңжарықованың қолына жетті. Онда әдепсіз сөздер болған жоқ, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін сөздер болды", - деп хабарлады әкімдіктің бас маманы Дәурен Хаиров "Мой город" порталына.

 
Басылымның мәліметінше, Бейбіт Аманғалиев мемлекеттік қызметте 11 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Шенеунік өз қателігін мойындап, ешбір жағдайда ауылдасын ренжіткісі келмейтінін мәлімдеді.
 
Талқылау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес Бейбіт Аманғалиевті жазалап, оған "қатаң сөгіс" түрінде тәртіптік жаза жариялау туралы шешім қабылдады.
 
Бұған дейін Бәйтерек ауданы Янайкино ауылының әкімі Ауган Альмурзинді құқығынан айыру туралы хабарланған болатын. Шенеунік мас күйінде жүргені үшін 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, ол қызметінен босатылды.
 
Ақпарат көзі: mgorod.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны