Система Orphus

Қазақстанда үй жануарларының етін жеуге тыйым салынады

08.10.2021, 20:34 181468
Қазақстанда үй жануарларының етін жеуге тыйым салынады
Сурет: glorypets.ru
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚАЗАН - Қазақстанда мысық, ит, алақоржын секілді үй жануарларының етін жеуге заң жүзінде тыйым салынады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлімдеді.
 

Біз осы тізімнің жобасын әзірледік, оған үйде асырауға болатын барлық дәстүрлі үй жануары енген. Қазіргі уақытта үй жануарлары ретінде ұсталатын жануарлардың негізгі классикалық тізімі – ит, мысық, тотықұс, алақоржын (хомяк), ақ тышқандар", - деді Шалабекова брифингте.

 
БАҚ өкілдері енгізілген нормаларды бұзғандарды кім және қалай анықтайтынын сұрады. 
 

Егер азамат үй жануарын жануарларды бағатын орыннан алған болса, онда ол мекеме бұл итті бақылап отырады. Сатып алынған немесе сыйға тартылған жануарларға қатысты айтсақ, бұл жерде, менің ойымша, көршілердің көмегі болуы керек, бұрын иті бар еді, қазір қайда кетті деген сұрақ болуға тиіс. Ит – бұл көрінетін тіршілік иесі. Сондықтан егер ол кенеттен жоғалып кетсе, ал иесі оны іздемесе, көршілер хабар бере алады", - деп жауап берді вице-министр.

 
Үй ішінде асырауға болатын жануарлардың етін жеу жануарларды қинап өлтіру қылмысымен теңестіріледі.
 
Жаңа түзетулерге сәйкес, мұндай қылмыс 200 АЕК-ке дейін немесе 583 400 теңгеге дейін айыппұл салуды және 50 күнге бостандықты шектеуді көздейді.
 
Ал бүгінде 120 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады.

 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны