14.03.2023, 15:12 44636

ТЖМ Қазақстан аумағында болжанған жер сілкінісі туралы ақпаратқа пікір білдірді

ТЖМ Қазақстан аумағында болжанған жер сілкінісі туралы ақпаратқа пікір білдірді
Сурет: Depositphotos
Дүрбелеңге жол бермеу керек

Астана. 13 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Қазақстан аумағында болжанған жер сілкінісі туралы ақпаратқа пікір білдірді.

Руслан Иманқұлов қазақстандықтарды жер сілкінісі қаупіне байланысты үрейленбеуге шақырды.

Оның айтуынша, ведомствоның аумақтық бөлімшелер мен техника төтенше жағдайға әрқашан дайын.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл және аумақтық бөлімшелер мен құрылымдық бөлімшелерді тексерудің тиісті жоспары бар. Пысықтау кезінде төтенше жағдайға дайындық барысы тексеріледі", - деді Руслан Иманқұлов.


Сонымен қатар министрлік өкілі жер сілкінісі қаупі туралы болжамның рас екенін, бірақ дүрбелеңге жол бермеу керектігін айтты.

Халыққа тиісті хабарды жеткізіп отырамыз", - дейді ведомство өкілі.


Одан бөлек, Руслан Иманқұлов жер сілкінісі қаупіне байланысты Алматы, Алматы және Жетісу облыстарының әкімдеріне ешқандай хат-хабардың жетпегенін айтты.

Айтуынша, оның қажеті де жоқ.

Бұған дейін Алматыда және екі облыста жер сілкінісі болады деп болжанған болатын.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны