04.09.2015, 13:49 4556

А. Айымбетов бар "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесі ХҒС-пен ойдағыдай түйісті

4 қыркүйек Мәскеу уақыты бойынша 10:39 "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасымен ойдағыдай түйісті

Астана. 4 Қыркүйек. Kazakhstan Today - 4 қыркүйек Мәскеу уақыты бойынша 10:39 "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасымен ойдағыдай түйісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Союз ТМА-18М" ғарыш кемесі 2 қыркүйекте Астана уақытымен 10:37-де Байқоӊырдан ұшырылған болатын. Бұл, "Гагарин алаӊынан" ұшырылған 500-ші, мерейтойлық ұшырылым. Халықаралық ғарыш стансасына бортында Роскосмос ғарышкері Сергей Волков, ЕҒА астронавты Андреас Могенсен (Дания) мен Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов бар ғарыш кемесі аттанды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Ғарыш кемесініӊ жолында 1989 жылы ұшырылған жапон зымыран тасығышыныӊ фрагменті кез болған. Соқтығысуды болдырмай, траекторияны дәл анықтау және бүгінгі ХҒС-пен түйісу мүмкіндігін жасау үшін ресейлік ҰБО баллистиктері мен олардыӊ америкалық әріптестері - НАСА мамандары бірлескен жұмысы жүргізілді", - делінген хабарламада.

Маневр Мәскеу уақыты бойынша сағат 08:40-та жүргізілді, Мәскеу уақыты бойынша сағат 11:30-11:40-та нысандарды қауіпсіз ажырату жұмыстары ұйымдастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны