17.11.2015, 14:22 3936

А. Цой: институционалды реформаларды жүргізу барысында денсаулық сақтау секторында қол жеткізген нәтижелер жүйеніӊ әрі қарай дамуы үшін маӊызды

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау секторында институционалды реформаларды жүргізу мен технологияларды тарату" жобасын жүзеге асыру барысы туралы" тақырыбында Астанада өткен қорытынды конференцияныӊ пленарлық сессиясында хабарлады

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау секторында институционалды реформаларды жүргізу мен технологияларды тарату" жобасын жүзеге асыру барысы туралы" тақырыбында Астанада өткен қорытынды конференцияныӊ пленарлық сессиясында хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ұлттық денсаулық сақтау жүйесініӊ тиімділігін арттыруға қажетті фундаментті қалыптастыруға саладағы институционалды реформаларды және технологияларды таратуды дамыту бойынша ҚР Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкініӊ бірлескен бастамасы айтарлықтай үлес қосты", - деді вице-министр.

Ол жоба шеӊберінде жүргізілген зерттеулердіӊ нәтижелері, денсаулық сақтау жүйесі мамандары әртүрлі санаттарыныӊ кәсіптілігін көтеру (оныӊ ішінде шетелде), жетекші халықаралық сарапшылардыӊ көмегі 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған реформалар мен өзгертулердіӊ негізгі бөлігін қамтығанын атап айтты.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде халықаралық стандарттар енгізіліп, әртүрлі салалардағы ұзақ мерзімді институционалдық әлеует қалыптастырылды. Бұл - денсаулық сақтау саласын басқару мен қаржыландыру, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, медициналық қызметтердіӊ сапасын қамтамасыз ету, кадрлық жоспарлау, медициналық білім мен ғылым, денсаулық сақтау саласыныӊ ақпараттық жүйесі мен фармацевтикалық саясатты дамыту.

"Жоба барысында қол жеткізген жетістіктер денсаулық сақтау секторында жүйеніӊ әрі қарай дамуы үшін маӊызды. Қалыптасқан кадрлық әлеует, саладағы нормативтік реттеулерді жетілдіру мен стандарттау - отандық денсаулық сақтау саласыныӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді. Қолданылатын барлық шаралар аурудыӊ салдарынан туындайтын өндірістік шығынды төмендетіп, халықтыӊ денсаулығы нашарлағанда қаржылық зардаптардан сақтап, сонымен қатар, тиімді инвестициялар үшін қаражатты қарастыруға жәрдемдеседі", - деді Алексей Цой.

5 күнніӊ ішінде Қазақстан мен Дүниежүзілік Банктіӊ жобалау топтары, Канада, АҚШ, Финляндия, Испания және өзге де елдердіӊ жетекші халықаралық сарапшылары жобаныӊ барлық 7 құрамын талқылайтын болады.

Сонымен қатар, шара аясында "Денсаулық сақтау саласын реформалаудағы кәсіби менеджменттіӊ рөлі" атты тақырыпта конференция өтеді.

Естеріӊізге сала кетейік, "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау секторында институционалды реформаларды жүргізу мен технологияларды тарату" инвестициялық жобасы ҚР Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкініӊ стратегиялық әріптестік аясындағы ортақ бастамаларыныӊ бірі болып табылады.

Оныӊ мақсаты - халықаралық стандарттарды енгізу мен 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатындағы ұзақ мерзімді институционалдық әлеуетті қалыптастыру.

Жобаны жүзеге асыру халықаралық ұйымдар мен консультативтік компаниялардыӊ бас технологияларын ҚР ДСИДМ-ге, өзге де мемлекеттік органдарға, денсаулық сақтау ұйымдарына, сонымен қатар, жоба аясында құрылған жаӊа институционалды құрылымдарға беру негізінде жүзеге асырылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны