24.11.2021, 20:11 48419

АҚДМ журналистердің құқықтары қалай қорғалатынын айтты

АҚДМ журналистердің құқықтары қалай қорғалатынын айтты
Сурет: progorodsamara.ru
НҰР-СҰЛТАН. 24 ҚАРАША - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жария талқылау және барлық мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдарымен келісу рәсімінен кейін "Журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың құқықтарын қорғау регламентін" ресми сайтта орналастырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Министрліктің ақпараты бойынша, регламентте журналистердің, мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері және журналистердің құқықтары бұзылған жағдайдағы Министрліктің іс-әрекеттері көзделген.
 
Регламенттің негізгі мақсаты журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетіктерін әзірлеу болып табылады. Регламент мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері үшін ақпараттық-түсіндіру сипатындағы әдістемелік құрал болып табылады.
 

Журналист өз құқықтарының бұзылу фактісі анықталған жағдайда, мәселені шешуге көмек көрсету үшін Министрлікке жүгінуге құқылы. Журналистерден келіп түскен барлық өтініштерді қарау барысы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің тұрақты бақылауында", - деп атап өтті ведомствода.

 
Құжатта мынадай ережелер көзделген: бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің өтініштері мен ақпарат сұрауларын қарау, құқық қорғау органдарының журналистерді ұстауы және журналистерді әлеуметтік қамтамасыз етуге байланысты мәселелер.
 
Регламентпен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны