14.07.2008, 17:06 3163

А.Есімов жол айрықтары құрылысының барысымен танысты

А.Есімов жол айрықтары құрылысының барысымен танысты

Алматы. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов сенбі күні Абай-Жандосов-Сәтпаев, Райымбек-Сүйінбай-Пушкин көшелеріндегі жол айрықтары мен Алматының шығыс айналма жолының салыну барысымен танысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай-Жандосов-Сәтпаев және Райымбек-Сүйінбай-Пушкин көшелеріндегі жол айрықтарының құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2008 жылдың 1 қыркүйегіне жоспарлануда.

Алматының шығыс айналма жолының құрылысы екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңнің аяқталуы 2008 жылдың қазан айына жоспарлануда, ал екінші кезең 2009 жылдың екінші жартысында бітіріледі деп күтілуде. А.Есімов алғашқы жоспарда болмаған сол жақ бұрылысты жобалауды тапсырды.

Сонымен қатар әкім сыртқы жарықтандыруы, байланыс жүйесі, газ құбырлары ауыстырылып, жолдың күрделі жөнделуі жүргізіліп жатқан Иль-Фараби даңғылының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің үстінен өтетін көпірлер де жөнделуде.

Ахметжан Есімов салынып жатқан жол айрықтарының аумағындағы сырылатын үйлерге қатысты нұсқаулар берді. "Үйлердің бұзылуы заң жүзінде іске асуы қажет және осы жерде өмір сүріп жатқан тұрғындардың құқықтары сақталуы керек",-деп шегеледі әкім.

Сапарды қорытындылай келе А.Есімов қаладағы жол кептелістерінің мәселелерін шешу үшін жол айрықтары бекітілген уақытта тәмамдалуы тиіс екендігін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны