13.03.2020, 20:34 4048

Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының патологоанатомиялық бөлімшесінің қызметіне мониторинг жүргізілді

Мониторинг барысында патологоанатомиялық бөлімшенің қызметінде тегін көрсетілетін қызметтерден басқа, орталықтандырылған түрде жүзеге асырылатын ақылы негізде салттық қызмет көрсету де қарастырылғаны анықталды. Мәйітхананың қызметтерінің тізімі ғимарат фойесінде орналасқан.

Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аймақтық арнайы мониторингтік топпен және "Ақмола - Адалдық алаңы" жобалық офисімен бірлесіп, тұрғындардан келіп түскен салттық қызмет көрсету саласындағы өтініштер мен шағымдардың негізінде Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының патологоанатомиялық бөлімшесінің қызметіне мониторинг жүргізді.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша Ақмола облысында жыл сайын 7 мыңға жуық адам өледі. Әрине, салттық қызметтер әрдайым сұранысқа ие болғандықтан, бұл салада көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ғана емес, сыбайлас жемқорлық схемалары да бар. Алайда, Қазақстанда жерлеу ісін реттейтін дербес заң жоқ, ал көптеген елдерде мұндай заңдар бұрыннан әрекет етеді. Бүгінгі таңда жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібі ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы мамырдағы бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларымен ғана белгіленген.

Мониторинг барысында патологоанатомиялық бөлімшенің қызметінде тегін көрсетілетін қызметтерден басқа, орталықтандырылған түрде жүзеге асырылатын ақылы негізде салттық қызмет көрсету де қарастырылғаны анықталды. Мәйітхананың қызметтерінің тізімі ғимарат фойесінде орналасқан.

Жұмыс тобының мүшелері қайтыс болғандарды олардың жеке деректері туралы ақпараты бар тіркеуді есепке алу мекеменің жауапты қызметкерімен арнайы журналда жүргізілетінін анықтады. Сондай-ақ мәйіттің киімдерін және өзге де заттарын тіркеу журналы бар.

Сонымен қатар, мониторинг қайтыс болған адамдардың туыстары тарапынан патологиялық-анатомиялық ашып қарау заңдылығына қатысты мәселелер туындағанын көрсетті. Мониторинг патологоанатомиялық ашып қарау өлім себептерін анықтау және ауру диагнозын нақтылау мақсатында республика заңнамасының негізінде жүргізілетінін анықтады. Сондай-ақ, аурухана басшылығының айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алқасының қаулысымен еңбекке қабілетті жастағы қайтыс болған адамдарды міндетті түрде ашып қарау қажеттігі көрсетілген. Алайда, өлімнің күш қолданудан болғанына күдік болмаған кезде және жақын туыстарының жазбаша өтініші бойынша, жекелеген жағдайларды қоспағанда, осы рәсім жүргізілместен беруге, сондай-ақ, тәуелсіз сарапшылардың денені ашып қарауға рұқсат етіледі. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, халықтың көпшілігі бұл туралы нашар хабардар, осыған байланысты ашып қарау объективтілігіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындайды.

Бұдан басқа, көптеген азаматтар елдi мекеннiң қайтыс болған әрбiр тұрғынын зиратқа жерлеу үшiн кемiнде алты шаршы метр жер учаскесi заң түрінде тегiн бөлінетінін білмейді. Марқұмның туыстары тек жерлеу қызметі үшін ғана төлейді. Сондай-ақ, бос жер учаскесі болған кезде туысының қалауы бойынша қайтыс болған адамның бұрын қайтыс болған жақын туысының жанында жерлеуі тегін қамтамасыз етіледі.

Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді, олар тиісті органдарға жіберілетін болады.

Егер мәйітхананың қызметкерлері немесе басқа да адамдар мүрдені тасымалдау және туған-туыстарына беру, қажетті құжаттарды дайындау, патологоанатомиялық диагностика жүргізу, зиратқа жерлеу және басқа да салттық қызметтер салаларында заңсыз қызмет көрсету ұсынылса, азаматтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке немесе 1424 Call-орталығына хабарласып, осындай фактілер туралы хабарлауға құқылы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны