Система Orphus

Ақмола облысы Аршалы ауданының прокуроры тағайындалды

09.04.2020, 14:27 4078

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Аршалы ауданының прокуроры тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 6 сәуірдегі бұйрығымен Талғат Оспанов Ақмола облысы Аршалы ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Талғат Жақыпбекұлы Оспанов 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келді. "Фемида" заң институтын бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы бастаған.

Әр уақытта Есіл ауданының, Степногорск және Көкшетау қалалары прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.

Осы уақытқа дейін Ақмола облысы прокурорының көмекшісі қызметін атқарды.

Сыныптық шені - әділет кеңесшісі, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны