25.10.2019, 18:31 21887

Ақмола облысы Макинка ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 30 жылдық мерекесі атап өтілді

Бірақ, басқа қырынан қарағанда, қарттар үйінің болғаны да жақсы. Себебі, ешқандай ағайын-туысы, бала-шағасы жоқ қарттар сол жерден пана табады.

Алматы. 25 қазан. Kazakhstan Today - Сақалға ақ түсті - көңілге дақ түсті...

Қазақ халқы ежелден үлкендерді сыйлап өскен халық. Қазір немерелеріне ертегі, балаларына өсиет айтар үлкендер жоқтың қасы. Себебі, балалары өзін мәпелеп өсірген ата-анасын қарттар үйіне өткізіп жатыр. Мұндай жағдайды көргенде жүрегің ауырады, күлімдеп қарап тұрса да, әлсіз күлкінің артынан мұңлы өксік, көңілге түскен дақты анық байқауға болады. Бірақ, басқа қырынан қарағанда, қарттар үйінің болғаны да жақсы. Себебі, ешқандай ағайын-туысы, бала-шағасы жоқ қарттар сол жерден пана табады. Бұл өз алдына бөлек әңгіме. Қарттар үйі - жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарды әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылатын мемлекеттік мекеме. Осындай мекемелердің бірі - Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының Біржан сал ауданы, "Мейірім" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы. 1989 жылдың 16 қазанында Макинка селосы Еңбекшілдер ауданында 110 орынға интернат үйін ашу бойынша шешім қабылданған. Барлық жұмыстар 1989 жылдың көктем-жазы жүргізіліп, 16 қазан күні Макинка интернат үйі бірінші қамқорларына есігін ашты. Интернат ашылғанға дейін, 1937 жылдан бастап осы аймақта балалар тубсанаториясы, кейін Прогресс совхозында санаторий-профилактикалық ферма болған. "Бұл жердің күтімі жақсы, тамақтандырады, моншаға апарады, киімдеріміз таза. Жалғызбасты адамға бұдан артық не керек?!" - дейді қарттар үйін паналаушылар.

23 қазан күні Макинка ауылында орталықтың 30 жылдық мерекесі атап өтілді. Бағдарлама бойынша алдымен А.Саевский орталық тұрғындарының қолдан жасаған бұйымдарымен, көрме залымен, Е.Гоменюк кітапхана қорымен, Т.Банина мұражаймен таныстырды.

"Біздің ғимарат 3 бөлікке бөлінген: кітап қоймасы, кітапханашының жұмыс орны және де оқу залы. Танымдық, тарихи, медициналық сынды түрлі жанрдағы әдебиетті қамтыған кітапхана қоры 3 мыңдай кітаптан тұрады. Оның ішінде 1000-нан астамы мемлекеттік тілде. Біржан сал ауданының Ардагерлер ұйымы 700 кітап сыйлаған болатын. Ер адамдар көбінесе деректі, тарихи, детектив, фантастика жанрындағы кітаптар оқыса, әйел адамдар көбінесе үй және отбасы, махаббат романдарын, шытырман оқиғалар, проза жанрын, тоқыма, ас әзірлеу сынды әйелдерге арналған кітаптарға қызығады. Сондай-ақ, кітапханамызда республикалық, облыстық, аудандық мерзімді басылымдар жинақталған" - дейді кітапхана қызметкері Е.Гоменюк.

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова орталықтың 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, мекеменің даңқын, тарихының беттерін құрған, іргетасы қаланған кезден бастап, бүгінгі таңға дейін адал қызмет атқарып жатқан мекеме қызметшілерін алғыс хатпен марапаттады.

Кеш Біржан сал атындағы аудандық мәдениет үйінің қатысушыларымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақиқатты айқындап жариялар,

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылып қариялар...

Қарт десе, әркімнің өз шаңырағына береке кіргізіп, ақ сақалды атасы мен ақ жаулықты әжелері елестері хақ. Балаларына ақылын, немерелеріне өсиетін айтып, тілеуін тілеп аман-есен отыра берсе екен!

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны