Система Orphus

Ақмола облысы прокуратурасының қызметкерлері азаматтардың құқықтарын қорғады

06.11.2019, 16:26 3916

Нұр-Сұлтан. 6 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысы прокуратурасының қызметкерлері азаматтардың құқықтарын қорғады.

Аршалы және Ақкөл аудандарыныңпрокуратурақызметкерлерінің мекенжайларына ауыл тұрғындарынан олардың проблемалық мәселелерін жедел шешкендері үшін алғыс хаттар түсті.

Аршалы ауданының прокуратурасы мүгедектердің құқықтарының бұзылуын анықтады. Мәселен, еңбек заңнамасын бұза отырып, 2-топтағы мүгедектердің жұмыс уақыты аптасына белгіленген 36 сағаттан асып түсті (аптасына орташа 40 сағат). Сондай-ақ, мемлекеттік мекеме объектілері мүмкіндігі шектеулітұлғалар үшін қолайлы жағдайлардың бейімделмеуін анықтады.

Аудан прокуратурасының араласуынан кейін еңбек шарттары заңға сәйкес келтіріліп, әкімшілік ғимараттарда мүгедектерге арналған пандустар мен олардың көліктері үшін тұрақ белгілері орнатылды.

Ақкөл ауданының прокуратурасы Радовка кенті тұрғындарының өтініші бойынша медициналық көмектің сапасын тексеруді бастады. Бірнеше жыл бойы ауыл тұрғындарына тиісті медициналық көмек көрсету және және тұрғындардыаралап тексеру жұмыстарының жүргізілмегендігі анықталды.

Барлық заң бұзушылықтар Орталық аудандық аурухана бас дәрігерінің қатысуымен өткен отырыста қаралды. Аудандық аурухана халыққа медициналық қызмет көрсетудегі барлық бұзушылықтарды жою туралы міндеттемелер қабылдады.

Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасуда, деп хабарлайды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны