26.06.2020, 20:02 9522

Ақмола облысы Зеренді ауданында дәрігерлерге 40 пәтерлі тұрғын үй салынады

Бүгінгі күні Зеренді ауданында денсаулық сақтау саласының 36 қызметкерінде жеке баспанасы жоқ. 7 дәрігер мен 9 қызметкер "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен келіп, үй кезегіне тұрған. Аудан бойынша тағы 19 медицина қызметкері жетіспейді.

Алматы. 26 маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Зеренді ауданында дәрігерлер үшін үй салынады. Бұл мәселе Ермек Маржықпаевпен өткен онлайн кездесуінде шешілді-деп хабарлайды "Aqmola News".

Өңір басшысы Ермек Борамбайұлы баспана мәселесін шешу үшін наурыз айында 5 қабатты 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаты жасалғандығын жеткізді. Шілде айында мәслихаттың шешіміне сәйкес қаржы бөлініп, үйдің құрылыс басталады.

Бүгінгі күні Зеренді ауданында денсаулық сақтау саласының 36 қызметкерінде жеке баспанасы жоқ. 7 дәрігер мен 9 қызметкер "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен келіп, үй кезегіне тұрған. Аудан бойынша тағы 19 медицина қызметкері жетіспейді.

Онлайн кездесу барысында Көкшетаудағы ірі кәсіпорын "Гормолзавод" ұжымы да тікелей байланысқа қосылып, кәсіпорын басшысы Әсен Жақсылықов кәсіпорын жетістіктерімен, "Гормолзавод" бастауыш партия ұйымының жұмысын баяндады. Асен Жаксылыков карантин кезіндн #Біргеміз акциясының аясында 308 отбасыға азық түлік корзинасын таратып,көмек көрсетті. "Гормолзавод" бастауыш партия ұйымымен алдағы партияішілік іріктеу- праймеризге дайындық жұмыстары пысықталды.

Онлайн форматта өткен жиын одан әрі аудандық партия филиалдарының төрағалары, олардың бірінші орынбасарларымен праймеризге дайындық тақырыбымен жалғасын тапты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны