08.11.2019, 18:00 7871

Ақмола облысында 2019 жылдың 9 айы ішінде 4 565 338 қызмет көрсетілген

Мемлекеттік органдардың қызметін талдау облыста 2019 жылдың 9 айы ішінде 4 565 338 қызмет көрсетілгенін көрсетті, оның ішінде электрондық форматта- 3 791 299 - 83,1%, қағаз түрінде - 393 169-8, 6%, мемлекеттік корпорация арқылы - 380 870-8, 3%.

Нұр-Сұлтан. 8 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің алдында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдау сияқты стратегиялық міндет тұр.

Мемлекеттік органдардың қызметін талдау облыста 2019 жылдың 9 айы ішінде 4 565 338 қызмет көрсетілгенін көрсетті, оның ішінде электрондық форматта-

3 791 299 - 83,1%, қағаз түрінде - 393 169-8, 6%, мемлекеттік корпорация арқылы - 380 870-8, 3%.

Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу бойынша көрсеткіштер жақсартылды. Электрондық үкімет порталын белсенді пайдаланатын тұлғалар үлесінің артуы берілген электрондық-цифрлық қолтаңбалардың артуымен расталады. 9 ай ішінде облыс тұрғындарына 266 155 (2018 -244 561) ЭЦҚ берілді.

"Халыққа арналған қызмет" қағидатын жандандыру мақсатында "Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі" акциясын өткізу дәстүрге айналды (барлығы 58 өткізілді), оның барысында шалғай елді мекендердің тұрғындары қажетті салаларда мемлекеттік қызметтерді алу туралы кеңес алады, қызметтерді алуға өтінім береді, сондай-ақ электрондық үкімет порталында жұмыс істеу дағдыларына оқытудан өтеді.

Облыстың барлық ауылдық округтерінде ауылдық округ тұрғындарын "E.GOV" электрондық үкімет порталында жұмыс істеу дағдыларына оқытуға бағытталған іс-шаралар өткізілді.

Департамент өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыра отырып, 2019 жылдың 9 айы ішінде - 59, өтініштер бойынша жоспардан тыс - 36, мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша - 8 тексеріс өткізіп, сондай-ақ субъектілерге барумен 15 профилактикалық бақылау шараларын жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 55 фактісі анықталып, жалпы сомасы 185 375 теңгеге 6 әкімшілік іс құрылды, тәртіптік жауапкершілікке 33 лауазымды тұлға тартылып, оның ішінде 16 сөгіс, 16 ескерту және 1 қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалды.

9 айда Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына азаматтардың 30 өтініші қаралды, онда тексеру нәтижелері бойынша 7 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Талдау нәтижелері көрсеткендей, шағымдардың басым бөлігі жер қатынастары, ТКШ және сәулет саласындағы мәселелер бойынша келіп түседі.

Сонымен, Департаментке Ерейментау ауданының тұрғыны А. Қызкенованың арызы келіп түсті, ол аудан әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйді жекешелендіруден бас тартуға қатысты әрекетіне шағымданды. Департамент өтініште көрсетілген уәждерді объективті және жан-жақты қарау мақсатында жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша негізсіз бас тарту фактісі расталды және енгізілген нұсқаманың негізінде өтініш берушінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Сондай-ақ Департаментке "ЮНА" ҮЕҰ ЖШС өтініші келіп түсті. Аталған кәсіпорынға оған -жоспарлау тапсырмасын беруден бірнеше рет бас тартылған және тек Департаменттің араласуынан кейін ғана кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.

Елімізде мемлекеттік қызмет көрсетудің басты қағидаттары қандай да бір кемсітушіліксіз мемлекеттік қызметтерді алу, мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа толық қол жеткізе отырып, олардың сапасын арттыру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны