11.05.2021, 21:10 18239

Ақмола облысында 37 жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асырылуда

КӨКШЕТАУ. 11 МАМЫР - Ақмола облысында мұқтаж азаматтар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Биыл 37 жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында Егіндікөл ауылында бірінші көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

 
Ведомствода айтып өткендей, құрылысшылар бригадасы объектіде қағу және қаптау кірпішінен қабырғаларды тұрғызу, шатырды тұрғызу аяқталды. Бүгінгі таңда қабырғалардың ішкі безендірілуі жүргізілуде.
 
Құрылыс салушының ақпараты бойынша тұрғын үйді тапсыру осы жылдың екінші тоқсанының соңына жоспарланып отыр.
 

Бүгінгі таңда Егіндікөл ауданында тұрғын үй кезегінде 3 санат бойынша 65 адам тұр: халықтың әлеуметтік осал топтары, жетім балалар және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері. Жаңа пәтерлердің кілттері кезектілікке сәйкес, тиісті пропорцияда үлестіріледі", - деді аудан әкімі Ерлан Мұхамедин.

 
Биылғы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен тартан жабыны бар балалар ойын алаңын орнатумен және автомобильдерге тұрақ орнатумен тұрғын үйдің іргелес аумағын абаттандыру да жүргізілетін болады.
 

Айта кетейік, аталған өңірде болашақта тұрғындардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін тағы бір жаңа 36 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда", - деп толықтырды ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны