18.09.2020, 20:45 3664

Ақмола облысында ауру қаупі төнген 82 мыңнан астам адамға екпе тегін егілмек

Заманауи тұмау екпесі шамамен ересек адамдар мен балалардың 70-90 пайызын аурудан қорғайды. "Қазіргі уақытта кәсіпорындармен ақылы екпе салу мәселесі талқылануда. Шамамен екпе егі құны 2-2500 теңгені құрап отыр, - дейді облыстың бас санитар дәрігері.

Алматы. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысында ауру қаупі төнген 82 мыңнан астам адамға екпе тегін егілмек.

"Ақмола облысында жергілікті бюджет есебінен 13 миллион 962 мың теңге сомаға 16 100 екпе сатып алынды. Ресейде өндірілген "Гриппол плюс" екпесі егілетін болады. Аталған екпеде А және В түірдегі вирустарына қарсы инактивтендірілген антигендер бар. Дәл осылар алдағы эпидемиялық маусымда қауіпті болады деп болжануда", - дейді елді екпе салуға арналған брифинг барысында Айнагүл Мусина

Бас санитар дәрігердің айтуынша тұмаудың басты қаупі оның созылмалы ауруларға ауысып, асқынып кететіндігі. Онымен күресу кәдімгі тұмауға қарағанда аса қауіпті. Аурудың алдыну алудағы тиімді тәсіл - екпе жүргізу. Тұмаудан қалыптасқан иммунитет уақыт өте келе әлсірей бастайды. Сондықтан жыл сайын екпе егу ұсынылады. Тұмауға қарсы екпе алу үшін тіркелу орнына жүгіну қажет. Екпе егуге медицина қызметкерлері, жүктілігі 2-3 айлық әйелдер, созылмалы аурулармен ауыратын диспансерлік тізімде тұратын адамдар, жабық мекемелердің қызметкерлері мен алты айынан бастап жиі ауыратын балалар жатқызылады", - деп толықтырды Айнагуль Мусина.

Заманауи тұмау екпесі шамамен ересек адамдар мен балалардың 70-90 пайызын аурудан қорғайды. "Қазіргі уақытта кәсіпорындармен ақылы екпе салу мәселесі талқылануда. Шамамен екпе егі құны 2-2500 теңгені құрап отыр, - дейді облыстың бас санитар дәрігері.

Естеріңізге сала кетейік, тұмауға қарсы екпе коронавирус инфекциясына иммунитеттік қалыптастырмайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны