26.08.2019, 12:55 85306

Ақмола облысында ауыл тұрғындарын онлайн-қызметтер алуға үйретуде

"Цифрлық агент" мобильді қосымшасы 2018 жылдың аяғында іске қосылды, ол арқылы мемлекеттік органның қызмекерлеріне баға беріп, фотоларды қоса отыра нақты қызметкердің әрекеттеріне шағым жасауға болады.

Нұр-Сұлтан. 26 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментімен Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі бақылау қызметі және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалымен бірге Сандықтау ауданының Балкашино және Зеренді ауданының Зеренді ауылында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда "TelegramBot" мобильді қосымшасы арқылы алу тәсілдері туралы оқыту семинарлары өткізілуде.

Семинар барысында қатысушылармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы сұрақтар қойылып, сондай-ақ мобильді қосымшаны жүктеп мемлекеттік қызметтер дербес алынды.

Сонымен қатар, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және мемлекеттік кірістер саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін бағалауға мүмкіндік беретін "Цифрлық агент" мобильді қосымшасы назарға ұсынылды.

"Цифрлық агент" мобильді қосымшасы 2018 жылдың аяғында іске қосылды, ол арқылы мемлекеттік органның қызмекерлеріне баға беріп, фотоларды қоса отыра нақты қызметкердің әрекеттеріне шағым жасауға болады.

Шағым жолданғаннан кейін, мемлекеттік қызмет берушілердің жоғары тұрған органдарының мамандары көрсетілген номер бойынша 5 минут ішінде туындаған мәселені шешу үшін хабарласады. Семинарға барлығы шамамен 400 адам қатысты. Департаменттің бұл бағыттағы жұмысы өз жалғасын табады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны