24.03.2019, 16:41 3649

Ақмола облысында денсаулық сақтау басқармасының басшылығына бірден келіп түсетін бейнематериалдар арқылы жүгінуді тіркеуге арналған кабиналар орнатылатын болады

Мәселен, осы жоба аясында 21 ақпан күні Жасырын сатып алушы әдісімен жоба қызметкерлері белгісіз тұлғалардан 7500 теңгеге үш күн үшін, яғни 1 күн - 2500 теңге есебінен еңбек ету қабілетінен айырылғандығын растайтын аурухана парағын сатып алды.

Көкшетау. 24 наурыз. Kazakhstan Today -2019 жылғы 15 наурызында департамент басшысы Ж.Сәрсеновтың және облыстық денсаулық сақтау басқарамасының басшысы Е.Нұрлыбаевтың қатысуымен "Сарыарқа-адалдық алаңы" жобасы аясында денсаулық сақтау саласындағы тұрмыстық жемқорлықты жою бойынша өткізілген іс-шаралар туралы брифинг өткізілді.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Ақмола облысында "Сарыарқа - адалдық алаңы" жобасын жүзеге асыру жұмыстары басталды.

Бастапқыда жұмыста "Жасырын сатып алушы", әкімшілік кедергілердің болуы тұрғысынан объектілерді жасырын аралау және бекіту, халықтан кері байланыс сияқты құралдарды пайдалану туралы шешім қабылданды.

Түрлі саладағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бірінші басшылардың қалауына тікелей байланысты.

Бұл үшін жоба аясында денсаулық сақтау ұйымдарының барлық директорлары сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша дербес жауапкершілік қабылдады. Алайда, осы күнге дейін кейбір бірінші басшылар қабылданған дербес жауапкершіліктің маңыздылығы мен рөлін түсінбеуде.

Өз кезегінде денсаулық сақтау саласында жедел араласу мен шешуді талап ететін проблемалар бар. Өткен жылы бұқаралық ақпарат құралдарында көп айтылған медициналық құжаттарды сату мәселесі биыл да орын алып отыр.

Мәселен, осы жоба аясында 21 ақпан күні Жасырын сатып алушы әдісімен жоба қызметкерлері белгісіз тұлғалардан 7500 теңгеге үш күн үшін, яғни 1 күн - 2500 теңге есебінен еңбек ету қабілетінен айырылғандығын растайтын аурухана парағын сатып алды.

Еңбекке жарамсыздық бланк-парағын банкнот фабрикасы Павлодар қаласының №2 емханасына 2012 жылы, яғни осыдан 6 жыл бұрын бергендігі анықталды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бұл еңбекке жарамсыздық парағын облыстың денсаулық сақтау ұйымдары бермеген. Осы факті бойынша материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді.

"Сарыарқа - адалдық алаңы" жобасы аясында Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп осындай фактілерді болдырмау және жолын кесу бойынша шаралар әзірленді.

Облыс аумағы үлкен, ал халықтың тығыздығы өте төмен. Сондықтан азаматтардың, әсіресе шалғай аудандардың азаматтарының Денсаулық сақтау басқармасына меншік нысанына қарамастан барлық денсаулық сақтау ұйымдарында қандай да бір мәселелер бойынша жүгіну рәсімін жеңілдету үшін, байланыс орталығына және денсаулық сақтау басқармасының басшылығына бірден келіп түсетін бейнематериалдар арқылы жүгінуді тіркеуге арналған кабиналар орнатылатын болады.

Бұл шаралар халықтың сенім деңгейін және халықтан кері байланыс арқылы шешімдер қабылдауға тұрғындардың тартылуын арттыруға, оқиғалар мен оқыс оқиғаларға ден қоюды жақсартуға, тәуекелдерді неғұрлым жетілдірілген басқаруға, азаматтарға қызметтер мен ақпаратты ұсыну сапасын арттыруға, сондай-ақ басшылыққа шынайы деректерді ұсыну жылдамдығын арттыруға және басқарушылық шешімдерді қабылдау құралдарымен қамтамасыз етуге айқын қызмет етеді. Ал нәтижесінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға және денсаулық сақтау саласында қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны