24.03.2019, 18:22 5777

Ақмола облысында "JASTAR - MEMLEKETTІҢ TІREGІ" атты жастар форумы өтті

Жас және талантты түлектер үшін мемлекеттік қызметте барлық жағдайлар жасалған. Студенттер жас мамандарға арналған тәлімгерлік институты, тағылымдамадан өту, мансаптық көтерілу мүмкіндіктері жөнінде ақпараттандырылды.

Көкшетау. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен "Жастар жылы" аясында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде "JASTAR - MEMLEKETTІҢ TІREGІ" атты жастар форумы өтті.

Форумға студент жастар, академиялық ортаның, "Нұр Отан" партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының, БАҚ өкілдері және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Департамент басшысының орынбасары Райхан Братаева форумның жұмысын аша отырып, мемлекеттік саясаттың басым бағыты жастарға кеңінен қолдау көрсету екендігін айтып өтті. Департамент осы орайда жас ұрпақтың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға маңызды көңіл аударуда.

"Жастарға сапалы білім беруді қамтамасыз ету, олардың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ұстанымын қалыптастыру үшін жастар арасында ауқымды жұмыс атқарып келеміз. Бүгінгі таңда Ақмола облысының барлық жоғары оқу орындарында, техникалық және кәсіби оқыту ұйымдарында "Саналы ұрпақ" клубтары жұмыс істеуде. Олардың мақсаты білім саласында жемқорлықтың алдын алу болып табылады" - деп Райхан Братаева мәлімдеді.

Облыс аумағында жастар саясатын жүзеге асыру және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпаратпен Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының жастар істері бойынша бөлімінің басшысы Дамир Иргибаев бөлісті. Өз сөзінде жастарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелеріне тоқталды.

"Нұр Отан" партиясының жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешев студенттерге жастарды рухани және интеллектуалдық дамыту үшін іске асырылып жатқан "English for jastar", "Жас Отан кітапхана", "Бизнес ментор", "Еркін пікір" және басқа да жобалар жөнінде айтып өтті.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үштілділік саясатының маңыздылығын ескертеді. Аталған бағытта "English for jastar" жобасын жүзеге асырып келеміз. Бұл жоба шеңберінде ерікті жастар екі айға ауылдық елді-мекендерге барып мектеп оқушыларына ағылшын тілін тегін үйретуде. Бұл әдіс өзінің тиімділігін көрсетіп өтті" - дейді Сұлтанбек Бекешев.

Жастар істері бойынша бөлімнің басшысы Дамир Иргибаев аталған жұмысқа қолдау білдіріп, Үндістаннан келген студенттермен білім алмасуға ұсыным білдірді. Бұл студенттер ағылшын тілін жетік біле отыра, қазақ тілін меңгеруге құлшыныстары зор.

Өскелең ұрпақты жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу бойынша атқарылып жатқан жұмыс жөнінде Ақмола облысы білім басқармасының өкілі Марина Ли айтып өтті.

Бұндай форумды ұйымдастыру - белсенді жастарды диалогқа ынталандыру үшін жақсы мүмкіндік. Форумның міндеті жастарға өздерінің көздеген жоспарларын ары қарай жүзеге асыру үшін қажетті бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа идеялар беру болып табылады.

Сонымен қатар студенттерге мемлекеттік қызметке іріктеудің заманауи әдістері ұсынылды. Бүгінгі таңда жас мамандар еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып табылады және оларға еліміздің болашағы үшін үлкен жауапкершілік артылады.

Жас және талантты түлектер үшін мемлекеттік қызметте барлық жағдайлар жасалған. Студенттер жас мамандарға арналған тәлімгерлік институты, тағылымдамадан өту, мансаптық көтерілу мүмкіндіктері жөнінде ақпараттандырылды.

Жазира Тоқтар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны