26.08.2019, 12:52 78080

Ақмола облысында кезекті Әдеп жөніндегі кеңес отырысында екі мемлекеттік органдардың басшыларын жұмыстан босату туралы шешім қабылданды

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бұл теріс қылық одан әрі мемлекеттік қызметте еңбек етуге сәйкес келмейді деп есептеді.

Нұр-Сұлтан. 26 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысында кезекті Әдеп жөніндегі кеңес отырысында екі мемлекеттік органдардың басшыларын жұмыстан босату туралы шешім қабылданды.

Осылайша Бурабай ауылының әкімі Талғат Амантаев қызметтік автокөлікке алкогольдік мас күйінде отырған. Әкімді Щучинск қаласының жол полициясы қызметкерлері "Самал" кафесінің жанында тоқтатып, содан кейін медициналық куәландыруға жіберілді. Талдау нәтижесі жеңіл дәрежедегі алкогольдік мастықтың болуын көрсетті. Осыған байланысты, Бурабай аудандық сотының қаулысымен Талғат Амантаев ҚР ӘҚтК 608 б. 1 т. бойынша кінәлі деп мойындалып, оған үш жыл бойы автокөлік құралын жүргізу құқығынан айыру жөніндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Амантаев Т.Б. жасаған ісіне өкінді, бірақ Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бұл теріс қылық одан әрі мемлекеттік қызметте еңбек етуге сәйкес келмейді деп есептеді.

Сонымен қатар, қарамағындағылармен қарым-қатынас кезінде қызметтік этиканы, еңбек тәртібін өрескел бұзуға жол берген Бұланды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жасұлан Шәймерденовті атқарып отырған лауазымынан босату ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны