12.12.2019, 15:35 27123

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер сыйлықтар қабылдау бойынша шектеулерді сақтауға шақырылды

Ағымдағы жылы заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін бірнеше жеке тұлға жалпы сомасы 1 млн.теңгеден астам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер сыйлықтар қабылдау бойынша шектеулерді сақтауға шақырылды.

"Antikor ortaly?y" сервис орталығының алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев мемлекеттік қызметшілерге сыйлық беру және олардың сыйлықтар алуынақатысты жауапкершілік туралы айтып берді.

"Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелерінде мемлекеттік қызметшілердің санасына парасаттылық, адалдық, сатылмаушылық сияқты моральдық-этикалық қағидаттарды енгізуге ерекше назар аударылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті немесе оларға теңестірілген тұлғаларға лауазымдық міндеттерін орындау кезінде сыйлықтар мен өзге де игіліктер мен артықшылықтарды қабылдауға тыйым салынады", - деп атап өтті Мұрат Төлеубаев.

Сондай-ақ, спикер мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік қызметке түсуші тұлғалардың жол бермеу мақсатында міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, соның ішінде ҚР заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттікті орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша шектеулер қабылданатынын хабарлады.

Бұдан басқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес жеке тұлғалардың мемлекеттік қызметшілерге және оларға теңестірілген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер немесе қызметтер көрсеткені үшін, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдардың заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылық көзделген.

Ағымдағы жылы заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін бірнеше жеке тұлға жалпы сомасы 1 млн.теңгеден астам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Мұрат Төлеубаев Департамент мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, оның ішінде қызметтік өкілеттілікті орындауға байланысты сыйлықтар қабылдамау және арнайы мемлекеттік қорға сыйлықтарды уақытылы тапсыру қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп жатқанын айтты.

"Егер сіздер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыздар, дереу бірыңғай Саll-орталыққа - 1424 хабарласыңыздар. Сондай - ақ, сіздер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша аумақтық департаментке хабарласа аласыздар", - деді спикер сөзін аяқтай отырып.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны