10.06.2019, 20:07 9488

Ақмола облысында оқу орындарындағы адалдық елшілерін сайлауға арналған еліміздегі алғашқы мобильді бағдарлама таныстырылды

Білім мекемелері бұл бастаманы қолдап, бүгінгі таңда адалдық елшілері Ақмола облысының 33 колледжінде енгізілді.

Нұр-Сұлтан. 10 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Ақмола облысында оқу орындарындағы адалдық елшілерін сайлауға арналған еліміздегі алғашқы мобильді бағдарлама таныстырылды.

Мобильді бағдарламаның пайда болу тарихымен брифинг барысында "Ақмола - адалдық алаңы" жобасының мүшесі Ерлаз Жайықбаев бөлісті. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап жобалық кеңсе білім мекемелерінде парасаттылық пен академиялық адалдық ұстанымдарына ішкі бақылау жүргізу мақсатында "Адалдық елшісі - Ambassador of Integrity" институтын бекітуге ұсыныс жасады.

Білім мекемелері бұл бастаманы қолдап, бүгінгі таңда адалдық елшілері Ақмола облысының 33 колледжінде енгізілді. Адалдық елшілері студенттер қатарынан сайланады. Олардың миссиясы студенттер ортасындағы академиялық адалдық және парасаттылық ұстанымдарын дәріптеу идеяларын дамыту болып табылады.

"Адалдық елшісі" институты енгізілген уақыттан бастап елшілерді сайлау үрдістерінің әділеттілігін қамтамасыз ету мәселесі туындады. Сол себепті "Ақмола - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі арнайы ұялы бағдарлама әзірлеуді ойлап тапты" - деп Ерлаз Жайықбаев атап өтті.

Аталған бастамаға қолдау білдірген Көкшетау қаласы Жоғарғы колледжінің студенті Максим Соколовский оқу орындары студенттеріне кез-келген елші болуға лайықты студент үшін дауыс беруге мүмкіндік беретін "Ambassadors of Integrity" ұялы бағдарламасын жасап шығарды.

Брифингте ұялы бағдарламаны Максимнің тәлімгері,Көкшетау қаласы Жоғарғы колледжінің арнайы пәндер оқытушысыӘсет Әбдіғапаров таныстырды.

"Бүгін Көкшетау қаласы Жоғарғы колледжінің студенті Максим Соколовский әзірлеген жобаны таныстырып отырмыз. Өткен жылы біздің колледжде цифрлық дағдылар мен қабілеттерге үйрету бойынша өңіріміздегі жалғыз айти орталық өз жұмысын бастады. Орталықтың жұмысы шеңберінде наурыз айынан бастап Ambassadors of Integrity ұялы бағдарламасын әзіргеу қолға алынды. Аталған бағдарлама білім беру мекемелеріндегі адалдық елшілерін сайлау үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сонымен қатар студенттердің білім беру сапасына, жатақханада тұру жағдайларына қанағаттану деңгейін анықтауға мүмкіндік береді" - деп Әсет Әбдіғапаров мәлімдеп өтті.

Ұялы бағдарлама қазіргі уақытта соңына дейін әзірленуде. Мемлекеттік тілдегі нұсқасы дайындалуда. Жаңа оқу жылы басталғанша дейін бағдарлама ресми түрде іске қосылатын болады.

Сонымен қатар Ерлаз Жайықбаевтың айтуынша, жазғы демалыс кезеңінде жазғы лагерьлердің бірінде елшілер слетін өткізу жоспарлануда. Онда олар ақпарат алмасып, білім беру ортасындағы жемқорлықтың алдын алуға жол бермеудің жаңа әдістері мен формаларын талқылауға мүмкіндік алады.

Брифингте балаларды мектептерге қабылдау және реттеу бойынша aqmola.kz жүйесінің жетілдірілген нұсқасы да таныстырылды. Бұл шара балаларды бірінші сыныптарға іріктеу барысында туындайтын тұрмыстық жемқорлық тәуекелдерін жойып отыр. Бұған дейін мектептің әкімшілігімен келісу арқылы сыныптарды өз қалауынша қалыптастыру, немесе белгілі бір балаларды "мықты" сыныптарға, беделі және кәсіби дәрежесі жоғары мұғалімдерге беру тәжірибесі болған. Бүгінгі таңда балаларды сыныптарға іріктеу үдерісі автоматтандырылған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны