19.11.2020, 20:01 9113

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша отырыс өтті

Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, оған өңірдің мемлекеттік органдарының басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты.

Алматы. 19 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша отырыс өтті.

Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, оған өңірдің мемлекеттік органдарының басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты.

Комиссия отырысында сөз сөйлеу барысында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Мұрат Төлеубаев ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаменттің мемлекеттік органдар және қоғам өкілдерімен бірлесіп жасаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысының нәтижелерін атап өтті.

Өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберіндегі "Адалдық алаңы", "Аdal k?mek", "Аntikor.live", "Сапалы жол", "Ашық бюджет", "Рrotecting Вusiness and Investments" және басқа да іс-шаралар іске асырылуда.

"Сонымен қатар, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындығын тиісті түрде қамтамасыз ету мақсатында халыққа қызмет көрсетудің "сервистік" моделін енгізу және Egov өзіне - өзі қызмет көрсету бұрыштарын қосымша ашу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау сапалы жүргізіп, оның нәтижелерін қарауға қоғам өкілдерін тарту, сондай-ақ бөлінетін бюджет қаражаты туралы мәліметтерді Ашық бюджеттердің интерактивті картасына уақтылы орналастыру бойынша жұмысты күшейтуі қажет", - деп атап өтті Мұрат Төлеубаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары, "Ақмола - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің кураторы Қанат Ыдырысов және Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов баяндады, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың басшылары талқылау барысында қойылған сұрақтарға жауап берді.

Отырысқа қатысушылар мемлекеттік органдардағы процестерді цифрландыру, атап айтқанда, электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну, электрондық мемлекеттік сатып алуды енгізу, ақпараттық жүйелер мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша өңір басшысы Ермек Маржықпаев ведомствоға қарасты мекемелердің басшылығына Мемлекет басшысы қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын күшейту жөніндегі міндеттерді іске асыру аясында тиісті жұмысты қамтамасыз етуді тапсырды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылық идеологиясын қалыптастыру аясында облысымызда азаматтардың белсенді қолдауымен үлкен жұмыс жүргізілуде. Дегенмен, транспарентті және халыққа есеп беретін мемлекет құру үшін әр басшының еркі қажет", - деп түйіндеді өңір басшысы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны