18.02.2019, 20:16 17672

Ақмола облысындағы мемлекеттік аппараттың кадрлық құрамы жақсарды

Жыл сайын облыстағы мемлекеттік аппараттың кадрлық құрамы жақсарып келеді. Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 88% жоғары білімге, ал 16% - бірден артық білімге ие.

Көкшетау. 18 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ақпаратына сәйкес 2018 жылы ішкі конкурс қорытындылары бойынша жоғары деңгейлі лауазымдарға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер саны 16,6%-ға жетті.

Жыл сайын облыстағы мемлекеттік аппараттың кадрлық құрамы жақсарып келеді. Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 88% жоғары білімге, ал 16% - бірден артық білімге ие. Облыстың мемлекеттік қызмет жүйесінде кандидаттар мен ғылым докторлары, "Болашақ" бағдарламасының және мемлекеттік басқару академиясының түлектері қызмет атқарады.

Ақмола облысында Департаменттің коллегиялық отырысы өтіп, онда өткен жылдың қорытындылары мен 2019 жылға арналған жоспарлар талқыланды. Өз сөзінде Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гульмира Евниева мемлекеттік қызметтің жағдайы жөнінде баян етті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта біз облыстағы мемлекеттік қызметтің мансаптық моделін жүзеге асырудың тұрақтылығы, меритократия ұстанымының нығаюы туралы айта аламыз.

"Облыстағы таза ауысымның көрсеткіші 6,1% құрап, сонымен қатар мемлекеттік қызмет жүйесінен шығарылғандар саны 5,1%-ға азайды. Жұмыстың тиімділігі мен сапасын анықтау мақсатында "Б" корпусының 4550 мемлекеттік қызметшілері қызметтік бағалаудан өтті. Оның ішінде "өте жақсы" 27%, "тиімді" - 68%, "қанағаттандырылған" - 5%" мемлекеттік қызметші" - деп Гульмира Евниева хабарлады.

Сынақ мерзімінен өту және тәлімгерлерді тағайындауға қатысты өткен жылы 460 мемлекеттік қызметшілерге сынақ мерзімінің тағайындалғаны белгілі болды. Сонымен қатар облыста мемлекеттік қызметшілерді оқытуға зор назар аударылады. Өткен жылы 1484 мемлекеттік қызметші оқудан өтті. Оған қоса, талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің оқыту мерзімдерін бұзғаны анықталды: 58 мемлекеттік қызметші уақытылы оқытылмаған. Осыған орай облыстың мемлекеттік органдарына ағымдағы жылы оқытылуға тиісті мемлекеттік қызметшілердің 100% қамтылуы ұсынылды.

Отырыс соңында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облыстық филиалының директоры Әлібек Баймағамбетов сөз сөйлеп, қатысушылардың назарын мемлекеттік органдардың айқындығын, есептілігін, онда іске асырылып жатқан үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны