05.07.2021, 22:06 19212

Ақмола жастары қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады

КӨКШЕТАУ. 5 ШІЛДЕ - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Ақмола облысының жастары еліміздің барлық тұрғындарын Елорда күнімен құттықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жастардың бейнеқұттықтауын Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында облыстық жастар ресурстық орталығы орналастырды, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.
 
Қазақстандықтарды Елорда күнімен түрлі жастар ұйымдарының көшбасшылары мен белсенділері, жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, сондай-ақ ауыл және қала жастары құттықтады.
 

Нұр-Сұлтан - тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы, мемлекетіміздің қарқынды өсуінің символы. Біздің жас астанамыз керемет әрі әдемі бола берсін. Осы мереке күні барша қазақстандықтарға шын жүректен амандық, денсаулық, жақсылық және жаңа жетістіктер тілеймін. Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!", - деді облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәнсия Есекеева.

 
Ведомствода атап өткендей, өңірде Елорданың туған күні қарсаңында 1000-ға жуық іс-шара өткізілді, оның ішінде әлеуметтік нысандардың ашылуы, түрлі акциялар, фотоконкурстар, көрмелер, викториналар, онлайн-форматтағы челлендждер.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны