Система Orphus

Ақмолалық мемлекеттік қызметшілер Абайдың 175 жылдығына орай ізгі істер эстафетасын бастады

29.01.2020, 15:50 7912

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Ақмолалық мемлекеттік қызметшілер Абайдың 175 жылдығына орай ізгі істер эстафетасын бастады.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы: "Жақсылық жасау - әр адамның парызы" деп жазған еді. Өзінің он төртінші қара сөзінде "Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ" деп, барша адамзатты адам болуға шақырған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Абайдың 175 жылдығын мерекелеу шеңберінде ізгі істер жасауға бағытталған "Мейірімділік жүректен" эстафетасын бастады.

Эстафета шеңберінде ағымдағы жылдың 24 қаңтарында жұмыс күні аяқталғаннан кейін Департамент қызметкерлері Көкшетау қаласында тұратын 1931 жылы туған жалғыз басты тыл ардагеріне үй маңындағы аумақты қардан тазалауға көмек көрсетті.

Акциямен облыстың барлық мемлекеттік органдары қамтылады. Бұл ретте, қайырымды істерді жасауда ешқандай шектеулер жоқ. Эстафета шеңберінде мемлекеттік қызметшілер қан тапсыру, ауыр сырқатқа шалдыққан адамдардың емделуі үшін ақшалай қаражат аудару, ардагерлерге немесе аз қамтылған отбасыларға шаруашылық жағынан көмек көрсету, сәбилер үйіне ойыншықтар жеткізу, не болмаса қарт адамдарды автокөлікпен тегін жеткізіп салу сияқты кез-келген ізгі істі таңдай алады.

"Мейірімділік жүректен" эстафетасы Ақмола облысының Әділет департаментіне жіберілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны