17.02.2015, 18:38 3656

А.С. Джанунцқа қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз хабарламасы

2015 жылғы 13 ақпанда Солтүстік Қазақстан облыстық сотыныӊ қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында Петропавл қалалық сотыныӊ 2014 жылғы 8 желтоқсандағы үкімімен ҚР ҚК 103 бабы 1 тармағы бойынша 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыруға сотталған А.С. Джанунцқа қатысты қылмыстық іс қаралды

Астана. 17 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 13 ақпанда Солтүстік Қазақстан облыстық сотыныӊ қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында Петропавл қалалық сотыныӊ 2014 жылғы 8 желтоқсандағы үкімімен ҚР ҚК 103 бабы 1 тармағы бойынша 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыруға сотталған А.С. Джанунцқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған үкіммен А.С. Джанунц Петропавл қаласында 2014 жылғы 30 сәуірде М. Магаевтыӊ денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылған. Қылмыс бұрынға жақтырмаушылық қарым-қатынастан туындаған жанжал кезінде жасалған. Ұрыс барысында екі қатысушы да өздерінде болған пышақтарын пайдаланып, бір-біріне денсаулықтарына аса ауыр зиян келтірген жарақат салған. Бұдан бұрын сипатталған оқиға бойынша 2014 жылғы 6 қарашада үкім шағарылған, оған сәйкес М. Магаев А.С. Джанунцтыӊ денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айыруға сотталған, деп хабарлайды sko.sud.kz тілшісі.

Сотталған А.С. Джанунцтыӊ адвокатыныӊ қорғалушыны ақтау туралы өтініші бар апелляциялық шағым бойынша істі қарау кезінде сот алқасы А.С. Джанунцтыӊ іс-әрекетінде қажетті қорғаныстыӊ белгілерін көрмей үкімді күшінде қалдырды. Сонымен қатар, тергеу органдары жіберген процессуалдық заӊ бұзушылықтарға байланысты облыстық ІІБ және облыс прокуратурасы басшылығыныӊ мекенжайына жеке қаулы шығарды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны