05.07.2006, 19:04 3358

А. Сәрсенбаев пен оның көмекшілерінің мәйіттерін тауып алған куәгердің түсініктемесі марқұмдардың 11 ақпанда емес, одан кейін өлтірілгенін меңзейді

АЛМАТЫ.5-шілде. Kazakhstan Today. Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшілері Василий Журавлев және Бауыржан Байбосынның мәйіттерін тауып алған куәгердің түсініктемесі марқұмдарды өлтірген күнге күмән туғызады. Бұл туралы, Рустам Ибрагимовтың адвокаты Серік Сәрсенов сот үзілісінде мәлімдеді,-деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Куәгердің түсініктемесі марқұмдардың 11 ақпанда емес, 12-нен 13-не қараған күні өлтірілгеніне негіз болмақ,- дейді С. Сәрсенов.

Куәгер Михаил Логвиненко мәйіттерді мал шығарып жатқанда байқағанын айтады. Бұл 13-ақпанда , дүйсенбі күні тауда болған жағдай. “Мәйіттерді көре салысымен малдарды айдап жібердім де, тез арада милицияға хабарластым”,- дейді куәгер. Сондай-ақ ол марқұмдардың киімдері құрғақ болғанын, қар түспегенін хабарлады.

Сонымен қатар, сот отырысы барысында, айыпталушы Р.Ибрагимов мемлекеттік айыптаушы Владимир Кириленконы сот процесінен алшақтату туралы сұраным түсірді.
“Кеше сот процесінен кейін Кириленко маған келіп: “Сен өмір бойы түрмеде отырасың! Мен саған көрсетем деп айтты”, –дейді Ибрагимов.
Өз кезегінде Кириленко, Ибрагимовтың қорқытқанын айтып, отбасының және өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрады. Алайда, төреші екі сұранымды негізсіз деп қанағаттандырмай тастады. Екі жаққа жазбаша ескерту берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны