10.06.2019, 20:47 10654

Ақтөбе қалалық полиция бөлімі бастығының орынбасары және Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бұрынғы бастығы алаяқтық үшін әртүрлі айыппұлдарға тартылды

Сот тарапынан сотталғандарға ауыр қылмыс үшін айыппұл төлемеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатынын түсіндірілді.

Нұр-Сұлтан. 10 маусым. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті бұрын Ақтөбе қаласы Астана ауданының № 2 қалалық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Е. Әнетбаевқа, осы бөлімнің аға жедел уәкілі, полиция капитаны А. Шолаховқа және осы бөлімнің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Е. Қалдыбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Аталған тұлғалар "А" азаматына қатысты қылмыстық істі қысқарту туралы өз құзыретіне кірмейтін мәселені шешу үшін алдау жолымен Д. Рспағамбетовтен 300 мың теңге алған.

А.ж. 29 мамырда Ақтөбе қаласының № 2 сотында олар алаяқтық жасағаны үшін мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, Е. Әнетбаев - 2,9 млн. теңге, А. Шолахов - 3 млн. теңге және Е. Қалдыбаев - 2,5 млн. теңге айыппұлдарға тартылды.

Сотталғандар арнайы полиция атақтарынан айырылды.

Бір күн кейінірек, 30 мамыр күні Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бұрынғы бастығы С. Ысқақов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Ұлттық бюроның Павлодар облысы бойынша департаментінің сотқа дейінгі тергеу материалдарына сәйкес С. Ысқақов сауда үйінің өкілінен алдау жолымен 500 мың теңге алған. Ақша әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалды мамандандырылған экономикалық сотқа жібермеу туралы өзінің құзыретіне кірмейтін мәселені шешуі үшін алынған.

Ол алаяқтық жасағаны үшін мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 5 млн.теңге көлемінде айыппұлға тартылды.

Сондай-ақ ол азаматтық қорғау подполковнигі арнайы атағынан айрылды.

Сот Е. Әнетбаевқа, А. Шолоховқа және Е. Қалдыбаевқа қатысты үкім заңды күшіне енген күннен бастап он бес тәулік ішінде, С. Ысқақовқа - бір ай көлемінде айыппұл төлеу мерзімін белгіледі.

Сот тарапынан сотталғандарға ауыр қылмыс үшін айыппұл төлемеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатынын түсіндірілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны