19.03.2020, 19:46 5989

Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты алаяқтық үшін күдіктелуде

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты алаяқтық үшін күдіктелуде.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокатына қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Адвокат қылмыстық іс бойынша күдіктілердің қорғаушысы бола отырып, күдіктілердің туыстарын алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен іс бойынша мәселені оң шешу сылтауымен олардың жалпы сомасы 3 млн. теңге қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдікті кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, оған қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны