11.02.2019, 20:13 13941

Ақтөбе облысында Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай төрт кітап жарыққа шығады

Бүгінде Ақтөбе облысында 900-ге жуық ауған соғысының ардагерлері тұрады.

Ақтөбе. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай төрт кітап жарыққа шығады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айбек Көпенов мәлімдеді.

Бүгінде Ақтөбе облысында 900-ге жуық ауған соғысының ардагерлері тұрады.

"22 мың қазақстандық Ауғанстан арқылы өтті, олардың ішінде біздің облысымыздан бір жарым мыңнан астам офицерлер мен сарбаздар бар. Жүзден астам ақтөбелік ауған жауынгерлері ерлік пен батырлық үшін әскери наградалармен марапатталды. Біздің жерлестеріміздің ішінде 34-і мүгедектік алса, 32 адам жарақат алды, ал 26 ақтөбелік Ауғанстаннан оралмады, біреуі хабарсыз кетті. Жергілікті атқарушы органдар ауғандықтарға қолдау көрсету бойынша түрлі шаралар қолдануда. Атап айтсақ оларға: пәтер, дәрі-дәрмек бөлініп, жыл сайын 50 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төленеді", - деді Айбек Көпенов.

Мерейтой аясында өңірде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, бүгінде облыстың барлық аудандары мен Ақтөбе қаласында бокстан, футболдан, жүзуден жарыстар өтіп жатыр.

Облыста атаулы күнге байланысты өтетін салтанатты шара 13 ақпанда басталады. Қалалық мәдениет үйінде интернационалист-жауынгерлерге "Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығаруына 30 жыл толуына орай" мерейтойлық төсбелгілері табыс етіледі.

"Осы күні С. Бәйішев атындағы облыстық кітапханада "О павших в Афганистане ", "Прошедшие Афган..." атты екі кітаптың тұсаукесері өтеді. Сондай-ақ, мамыр айында "Екі ғасырдың батырлары" және "Біз өз антымызды орындадық" атты ауған соғысы туралы екі кітаптың жарыққа шығуын жоспарлап отырмыз. 15 ақпан күні ауған-жауынгерлері ескерткішінің алдында әскердің шығарылғанына 30 жыл толуына арналған митинг өтеді. Сондай-ақ, біз аз қамтылған және көп балалы отбасыларға материалдық көмек көрсету бойынша бірқатар қайырымдылық акцияларын өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді "Боевое братство участников локальных воин" қоғамдық қорының төрағасы Гумер Галеев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны